Елорда тынысы

Оқу жылында 20 мың орын ашылады

Қала тұрғындары санының жыл сайын артуына байланыс­ты, әлеуметтік нысандарға, оның ішінде оқу орындарына деген сұраныс та жыл сайын артып келеді. Жоспарға сәйкес оқушы орындарымен қамтамасыз етіп, жұмыс істеп тұрған орындарға түсетін артық жүктемені алып тастау үшін жыл сайын кемінде 10 мектеп салу қажет. Осы мәселені басты назарда ұстаған елорда әкімдігі үш жыл ішінде 34 мектеп салып, пайдалануға берді. Бұл оқу орындарында 70 мың оқушы орны ашылды.

[smartslider3 slider=3308]

 

Елорда әкімі Алтай Көлгінов қаланы кезекті аралау кезінде мектептердің құрылысымен танысып, Ұлы дала даңғылындағы және 187-көшедегі, 18/4-үй (Сарыарқа ауданы) екі мектепті аралады. №65 мектептің (Сарыарқа ауданы) ерекшелігі – инклюзивті білім беру жүйесі бар. Бұл жерде есту, тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар оқиды. Мұнда барлығы 3 мыңнан аса оқушы қамтылған, бұл оқу орнының өзіне тән қуаттылығынан асып түседі. «Мектептің қуаттылығын арттыру үшін жанынан жаңа корпустың құрылысын бастадық. Жаңа корпус тағы 1200 оқушы орнын (екі ауысымда) ашуға мүмкіндік береді. Ал Есіл ауданында орналасқан мектептің (Ұлы Дала даңғылы мен №39 көшенің қиылысы) құрылысы ұзаққа созылды. Себебі өз ісіне жауапсыз құрылыс салушы міндеттемелерін орындамады. Біз онымен келісімшартты бұздық, мектеп құрылысын тоқтап тұрған жерінен қозғадық. Бұл мектепті биыл аяқтауды жоспарлап отырмыз. Нысан 2400 оқушыға (екі ауысымда) жоспарланған. Осылайша, жаңа оқу жылында (2022-23 жж.) тағы 20 мыңнан аса оқушы орнын ашуды (2 ауысымда) жоспарлап отырмыз» деді елорда әкімі.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button