Басты ақпаратБілім

Биыл Астана қаласында 129 мың бала мектепке барады

Білім басқармасының мәліметінше, оқушылардың барлығы оқулықпен және мектеп формасымен қамтылады. 

03

«Оқушылардың барлығы 1 қыр­күйекке дейін формамен және мектепке қажетті заттармен қамтамасыз етілуі тиіс. Осы мақсатта арнайы жұмыстар жасалып, «Мектепке жол» акциясы аясында 20-21 тамыз күндері арнайы жәрмеңке өткізілгелі отыр. Өзге өңірлерден келгендер, тұрмысы төмен және көпбалалы отбасылар, ірі сауда орталықтарынан киім-кешек сатып алуға ақшасы жоқ азаматтар жәрмеңкеде өз балаларын мектепке дайындау үшін қажетті заттардың бәрін табады. Онда бірінші қажеттіліктегі тауарларды төмендетілген бағамен алуға болады. Біздің мақсатымыз – бәрін формамен және мектепке қажетті заттармен қамтамасыз ету. Егер бала 1 қыркүйекке дайын болмаса немесе оны мектепке қабылдамаса, 55-72-49, 55-68-74, 55-74-67 телефондары бо­йынша қауырт желіге хабарласуға болады» дейді Астана қаласының Білім басқармасы Кәмелетке толма­ғандардың құқықтарын қорғау бөлімінің басшысы Ләззат Орынбасарова.
Астана қаласы әкімдігінің ал­дын­­­­­дағы алаңда өтетін бұл мектеп жәрмеңкесінде Астана, Алма­ты, Қарағанды және Шымкент қала­лары­ның кәсіпкерлері мен тауар өндірушілері өз өнімдерін ұсынады. Екі күнге созылатын білім жәрмеңкесі кезінде елорда тұрғындары мен қонақ­тары оқулықтар, мектеп формасы, спорт киімі мен аяқ киімдерді, сондай-ақ әртүрлі кеңсе заттарын нарықтағы бағадан 10-50 пайызға арзан бағамен сатып ала алады.
Сондай-ақ, жәрмеңкеде қоғамдық қабылдау өткізіледі. Қалалық Білім басқармасының заңгерлері мен өкілдері халыққа кеңес береді. Шара барысында елордалық шығармашылық ұжымдардың қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button