Uncategorized

Оқушылар олимпиадасы басталды

Кеше Астанада жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11-сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың III қалалық кезеңі басталды.

Олимпиада «бір қатысушы – бір компьютер – бір камера» қағидасымен прокторинг жүйесін қолдану арқылы рес­публика бойынша бір мезетте басталды.

Астана қаласы бойынша 3205 бала қатысты. Қалалық кезеңге ең көп ұпай жинап, жүлделі орындарға ие болған 1220 бала өтті. Оған дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептермен, республикалық және халықаралық олимпиадаларының жеңімпаздары қосылғанда барлығы 1582 оқушы қалалық кезеңге қатысып жатыр.

Оқушылар олимпиадасы 13-18 ақпан аралығында өтеді.

«Мектеп оқушыларының интеллектуалдық дамуына бағытталған мұндай пәндік олимпиадаларды өткізудегі негізгі мақсатымыз – жас зиялыларды анықтап, оларға қолдау көрсету. Сонымен қатар, түрлі деңгейдегі зияткерлік сайыстарда жоғары сапалы өнер көрсету үшін олимпиадалық резервті қалыптастыру. Елордалық оқушыларға республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінде сәттілік тілеймін» деді Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев олимпиаданың ашылуына арнаған сөзінде.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button