Оқушыларға арналған шетелдік университет филиалдарының көрмесі өтуде
Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Астана қаласы әкімдігінің және Л.Н.Гумилев атындағы ұлттық университетінің ұйымдастыруымен 10 және 11 сынып оқушыларына арналған «Study in Kazakstan» шетелдік 20-дан астам ЖОО филиалдарының көрмесі өтіп жатыр, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
«Study in Kazakstan» көрмесінің негізгі мақсаты Қазақстаннан шықпай-ақ шетелдік ЖОО-да білім алуға мүмкіндік жасау. Қазіргі таңның өзінде еліміздің көптеген өңірлерінде шетелдің білікті ЖОО байланыс орнатылып, қос диплом жүйесі бойынша білім алуға жағдай жасалған. Алдағы уақытта шетелдік жоғары оқу орындарының санын арттыру көзделуде. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Руслан Емелбаев өз баяндамасында атап өтті.
Көрме Астана қаласында 30-31 қаңтар аралығында екі күнге созылады.