Жаңалықтар

ОРАЛХАН ОҚУЛАРЫ

1576_html_76609740

Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында Оралхан Бөкей атындағы көркем сөз оқу шеберлерінің ХVII қалалық дәстүрлі байқауы өтті.

Көрнекті сөз зергері Оралхан Бөкейді сүйіп оқымайтын оқырман кемде-кем. Сондықтан болар, осы байқаудың көп жылдан бері дәстүрге айналып, айтулы қаламгердің шы­ғармалары кейінгі жас ұрпақтың да ұғымына сіңімді болып, өлмес мұраға айналып кеткендігі…

Биыл он жетінші мәрте тұсауын кескелі отырған сайысқа қатысам деген үміткерлердің легі молайып, толайым болды. Әрине, шараның шартына сәйкес жас мөлшері шектеулі. Тек 16 мен 20 жас аралығындағы жастар ғана өнер жарыстырады. Осы жолғы байқауда өз өнерімен танылған өрендердің қарасы көп болды. Әрине, сайыстың аты – сайыс. Көп қарадан озып шығар бір қарагердің болуы анық. Сонымен, дарынды тұлға атындағы қалалық байқаудың бас жүлдесін елордадағы №63 мектеп-лицейдің оқушысы Ерболат  Елемес қанжығасына бөктерді. Екінші орынды – Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті Ардақ Қасымханов еншілесе, үшінші орынды – С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенті Әмина  Реш қанағат тұтты. Ынталандыру сыйлығы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті Ақмейірім Қуанышбаеваға бұйырды. Жүлдегерлердің барлығы бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Азамат ЕСЕНЖОЛ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button