Басты ақпарат

ОРДАМДА ОРНАП НҰР ЗАМАН, ОТАНЫМ, МӘҢГІ ТҰР АМАН!

фоннн

Құрметті астаналықтар және қала меймандары!

Сіздерді 7 мамыр – Қазақстан Республикасы Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Айбыны асқақ, тұғыры нық Қазақстан Қарулы Күштері – қашанда Отан тыныштығының тетігі, кең-байтақ жеріміздің біртұтастығының кепілі. Бұл – қайсарлық пен қаһармандықтың ұранына, биік рух пен өршіл отансүйгіштіктің тұмарына айналған күн.
Сондықтан да Отан қорғау ісі – еліміздің әрбір азаматының көңіліне қатталып, жүрегіне сақталатын қасиетті де құрметті міндет.
Осынау мерейлі күні баршаңызға қуаныш пен шаттық, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін.

Астана қаласының әкімі                                       Иманғали Тасмағамбетов

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button