Жаңалықтар

Өрісі кең комбинат

Кеше елордадағы Индустриалды парк аумағында «GLB» үй құрылысы комбинаты ашылды. Бұрын-соңды Қазақстанда осы саламен айналысатын толық циклды бірде-бір зауыт болмаған. Жаңа нысанның басты ерекшелігі де сонда. 

KBB_4778

«Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы аясында бой көтерген бұл мекеме өнімділік көлемі жағынан бүгінде елімізде бірінші орында тұр, ал әлем бойынша үздік бестіктің қатарына кіреді. Комбинаттың атқарушы директоры Дінмұхаммед Құсайыновтың мәлімдеуінше, жобаның жылдық қуаттылығы 250 мың шаршы метрге тең.
– Біз 2017 жылдың мамыр айында алғашқы тұрғын үйді пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Тұрғын үйлермен қатар, мектеп, балабақша, аурухана секілді әртүрлі әлеуметтік объектілер де саламыз. Қолдағы шикізаттың 80 пайызы – отандық өнім. Цемент және құм тәрізді материалдардың бәрін өзіміздің Астанадан аламыз, – деді ол.

18_1
Айтпақшы, комбинат құрылыс қарқынын арттыруға да көмектеседі екен. Яғни, темірбетон бұйымдарын осы зауытта шығару арқылы құ­рылыс мерзімі 2-3 есе азаймақ. Мә­селен, осы кезге дейін 2-2,5 жылда тұрғызылған үйлер ендігі уақытта небәрі 6-9 айда-ақ дап-дайын болады. Демек, баға да төмендейді. Мамандар болжамына сүйенсек, үй құрылысы комбинаты тұрғын үйлер құнын кемінде 20 пайызға арзандатуға мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда аталмыш зауытта қасбеттік құрал-жабдықтар мен қабырғалық панельдерден бастап жабындық плиталар, лифтілік шахталар, бағаналар сияқты бұйымдар өндіріледі.

Ботагөз МАРАТҚЫЗЫ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button