Жаңалықтар

Өрісті өнер өрнегі

Елордадағы Тәуелсіздік сарайында «Н.Назарбаевтың бейбітшілік идеясы» атты ғылыми-тәжірибелік конференция аясында «Жібек жолы экономикалық белдеу – алуан мәдениетті ардақтап, бір өркендеуге жол ашу» атты халықаралық көрме өтті.

Игі шараға жиырма бес мемлекеттен қырыққа жуық суретші қатысып, жетпістен аса ұлттың өзіндік ерекшелігін бейнелейтін туындылар қойылған. Әр шы­ғармадан терең тұңғиыққа толы сыр ұғып, адам жанының нәзік дірілін тап басатын шеберлікті айқын аңғару болады.
– Біздің тарихымызда Жібек жолының алар орны үлкен. Ол тек сауда көзі ғана емес, өнерге де айрықша өріс берген. Ал, бүгінгі шара сол тарихи жолдың жаңаша жаңғырғаны деп айтуға болады. Осы көрме наурыз айында Бельгияда өткен еді. Ауқымды шараға отандық жеті суретші қатысып отыр. Өзім «Суатта» деп аталатын туындымды алып келдім. Cондай-ақ, шет мемлекеттерден келген қылқалам шеберлерінің барлығы да өз дарынымен мойындалған тұлғалар. Сондықтан көрмеге келген көрерменнің алар әсері мол болатыны даусыз, – дейді белгілі суретші Сембіғали Смағұлов.

Азамат ЕСЕНЖОЛ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button