Қала тіршілігі

ӨРКЕНИЕТТЕР ТОҒЫСЫНДАҒЫ ӨНЕР

Астана күні мерекесіне орай әрі елордада 2017 жылы EXPO көрмесін өткізуге үміткер қала ретінде қазіргі заман өнер және дәстүрлі ұлттық өнер фестивальдерін қатар өткізді. Маусымда басталған бұл жиын шілденің 10-ына дейін жалғасын таппақ. Мұнда түрлі экспозициялар көпшілік назарына ұсынылды. Оларды Халықаралық көрме бюросының өкілдері де келіп, бағалады.

Астана күні мерекесіне орай әрі елордада 2017 жылы EXPO көрмесін өткізуге үміткер қала ретінде қазіргі заман өнер және дәстүрлі ұлттық өнер фестивальдерін қатар өткізді. Маусымда басталған бұл жиын шілденің 10-ына дейін жалғасын таппақ. Мұнда түрлі экспозициялар көпшілік назарына ұсынылды. Оларды Халықаралық көрме бюросының өкілдері де келіп, бағалады.

Астананың 10 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылған «Мыңжылдықтар тоғысындағы Астана» фестивалі көрермен көзайымына айналғаны баршаға мәлім. Халықтың көңілінен шыққан іргелі іс-шара ретінде Мәдениет басқармасы оны жыл сайын қайталап көрсетуді үрдіске айналдырды. Ол көшпенділер өркениетінен мол мағлұмат беретін бірден-бір мәйекті жиын. Дала мен қала мәдениеттерінің айырмашылығы мен ұқсастығын, бүгіні мен өткенін көз алдыңызға әкелетін театрландырылған көріністі тамашалауға күллі астаналықтар мен қала меймандары қатысты.

Фестивальдің арнаулы бағдарламасына енген «Өткен бастауға бетбұрыс» атты fashion-шоуды ұсынған М.Жұмағалиевтің «Арлан» костюм театры мен «Алтынай» би ұжымының өнері келушілерді тамсантты. Әскери аттар шоуы, «Сазген сазы» фольклорлы-этнографиялық ансамбльдің концерті халықтың қошеметіне ие болды.

Заманауи өнердің біріне айналып үлгерген ArtBatFest жылда оңтүстік астанамызды ажарландырса, биыл ол елорда жұртшылығын көп қызыққа бөледі. ArtBatFest-тің ең үздік инсталляциялары «Бәйтерек» монументі маңына топтастырылды.Қала тұрғындарының қатысуымен түрлі перфоманстар, ворк-шоп, интерактивті шоулар өтті. Астана қаласы әкімінің орынбасары Қанат Сұлтанбековтің айтуынша, жастардың мұндай фестивальдердегі ізденістері EXPO-2017 өткізілуіне үлесі болып қосылмақ. Олардың ұтымдылары көрмеге де ұсынылуы ғажап емес. Өйткені, әр инсталляция білімді жастардың маңдай терімен жасалған туынды болып табылады. Фестивальге тіпті Корея, Қытай,Жапония елдерінің өкілдері де қатысыпты.

Қазылар алқасының шешімімен эстрадалық-заманауи би аталымында бас жүлдені Simple Sistemтобы қанжығасына байлады. Ал, әлем елдері билеріаталымында басты орынға Estrellas тобы шықты.

Халықаралық көрме бюросының делегаттары Астана өн бойына батыс пен шығыс мәдениеттерін біркелкі сіңіргенін көріп, таңданысты. Өткен заманның дәстүрі мен бүгінгінің соны салттары да бір-бірімен кірігіп жатқанын көріп, қуаныштарын жасырмады. ArtBatFest инсталляцияларына деген олардың ризашылықтары жастарды бір марқайтып тастады. Өйткені, суретшілер мен дизайнерлер өз шығармаларында «Болашақ энергиясын» айрықша айшықтапты. Nebula деген арт-топтың «Құлтемір» атты балалардың ата аналарымен қосылып жасаған перфомансы көпшілікті мейлінше қызықтырды. Қолда бар заттардан әкелі-балалы екеу түрлі құлтемірлерді жасап, жарысты.

Гаспар Мусавярабона,
Бурунди Республикасының Париждегі елшісі, ХКБ делегаты:

– Қазақстан туралы тек Шыңғыс ханның тарихнамасынан ғана білетін едім. Ал, осы сапарымда мен бұл елдің атбегі, батыр ел екеніне көз жеткіздім. Мен елдеріңізді тек ТМД елдерінің бірі ретінде ғана білетінмін. Енді оның қандай бай тарихы мен мәдениеті бар екендігіне қанықтым.

Софи Пульшери Гбаден,
ЮНЕСКО жанындағы Орталық Африка делегаты:

– Біз Орталық Африканың өкілі болсақ та, жұмыс орнымыз Парижде. Қазақстанның картада қайда орналасқанын жатқа білсек те, оның осындай ғасырлар қойнауынан бастау алатын көшпелі өркениеті туралы естімеген едік. Енді білетін болдық.

Шынар ӘБІЛДА

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button