Қоғам

Орман мекемелерінің автопаркі 100% жаңартылды

2024 жылы қолданыстағы техниканың 72 процентке тозуын ескере отырып, орман мекемелерін материалдық-техникалық жабдықтауға орман саласы тарихында алғаш рет талап етілген қаржыландыру бөлініп, бұл өрт жиі болатын орман мекемелерінің (Жетісу облысы, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда облыстарындағы) автопаркін толығымен жаңартуға және жабдықтауды 100%-ға жеткізуге мүмкіндік берді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Лизинг және бюджет қаражаты есебінен жалпы сомасы 47,0 млрд. теңгеге:

428 өрт сөндіру машинасы,

389 шағын орман өртін сөндіру кешендері,

387 трактор

104 күзет машинасы сатып алынады.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап орман өрті станциялары қызметкерлеріне лауазымдық жалақыдан 100 пайыз көлемінде үстемеақы белгіленді.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button