Қала тіршілігіҚоғам

Өрт сөндірушілер жаттығу өткізді

Жақында елордалық ТЖД «Казпромхолод» ЖШС химиялық қауіпті объектісінде тактикалық-арнайы жаттығу өткізді. Жаттығуға Сарыарқа ауданы әкімі Е.Байкен және Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД бастығының орынбасары Е.Байыров, жеке құрам мен қаланың шұғыл қызметтері қатысты.

[smartslider3 slider=772]

Жаттығудың шарты бойынша сағат 11:00-де компрессорлық қондырғының ақаулығына байланысты «Казпромхолод» ЖШС химиялық қауіпті объектісінің компрессорлық цехында жоғары қысымды өнеркәсіптік ыдыс жарылды.  Кернеудің төмендеуінен аммиакты тоңазытқыш қондырғының бір компрессорының электр сымдары жанып, өртке ұласты. Бірінші болып өрт орнына қалалық Өрт сөндіру қызметі бөлімшелері келіп жетеді. Жоғары улы заттардан химиялық қорғаныш киімдерін киген өрт сөндіруші-құтқарушылар зардап шеккендерді іздеу, құтқару, эвакуациялау жұмыстарын жүргізеді, одан әрі өрт сөндіру және жақын маңдағы цистерналарды суыту үшін су құяды. Сонымен қатар, оқиға орнына қаланың шұғыл және өзара іс-қимыл жасайтын қызметтері, атап айтқанда, ТЖ, Полиция департаменттері, Апаттар медицинасы орталығының, ҚР ҰҰ 5573-әскери бөлімінің, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің жеке құрамы апатты жою үшін жұмылдырылады. Сондай-ақ төтенше жағдайлар салдарын жою кезеңінде зардап шеккен халықты тікелей қоныстандыру үшін қалалық №68 мектеп-гимназия базасында зардап шеккен халықты қабылдау пункті де іске қосылды. Мұндай оқу-жаттығуларды өткізу қала қызметтерінің жедел өзара іс-қимылын пысықтауға, нақты апат, төтенше жағдай туындаған кезде залал мен шығындардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button