Орта медициналық персоналды даярлауда талаптар күшейтіледі

2025 жылы Мемлекет басшысы жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялаған Денсаулық сақтау министрлігі болашақ мейіргерлер мен фельдшерлердің білімі мен құзыретінің сапасын арттыруға бағытталған орта медициналық персоналды даярлау тәсілдерін қайта қарауда, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Орта медициналық персоналды даярлау жүйесінде не өзгереді?
– студенттердің практикалық дағдыларын күшейту;
– колледждерді жарақтандыру стандарттарын қайта қарау;
– оқытушылар құрамына қойылатын талаптарды арттыру
– тәлімгерлік институтын енгізу
– мейіргер ісінің бас штаттан тыс кураторларын тағайындау.
Білікті медициналық кадрларға деген қажеттіліктің артуы жағдайында орта медициналық персоналды даярлау стратегиялық маңызға ие болады.
Бүгінде 2 мыңнан астам студент оқитын Өскемен жоғары медициналық колледжі фельдшер, акушер, мейіргер, зертханашы, фармацевт және стоматолог бағыттары бойынша мамандар даярлайды.
Бұдан әрі Абай облысына сапары барысында министр өңірдің денсаулық сақтау басқармасының Д. Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғары медициналық колледжінде болды.