Шаһар шежіресі

Орталық алаңдағы шырша

1976 жылдың желтоқсан айы. Целиноград қаласындағы орталық алаңға жаңа жыл мерекесіне орай шырша қойылып, әсем безендірілген. Мұздан түрлі кескіндер өрнектеліп, таңғажайып ертегі қалашығы бой көтеріпті.

– Бұл суретті көргенде балалық бал дәуреніміздің бір сәті көз алдыма елестеп кетті. Мен ол кезде оқушы едім. Сабақтан шыққасын дос қызымыз екеуміз орталық алаңдағы осы мұз қалашыққа келіп талай рет сырғанақ тептік, – деп еске алады байыр­ғы қала тұрғыны Гүлнәр Сүлейменова.

Арада қырық бес жыл уақыт өтсе де қазіргі Астана қаласының әкімдігі ғимаратының алдындағы бұл алаң жаңа жыл қарсаңында үлкен шырша қойылып, көз тартардай көріктендіріледі.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button