Басты ақпарат

Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт

Елордада Орталық Азиядағы ең үлкен мешіттің ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев және бір топ мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысты.

[smartslider3 slider=3728]

Жаңа мешіттің бас күмбезінің биіктігі – 90 метрге жуық, ал мұнаралары – 130 метр. Құлшылық үйіне бір мезгілде 30 мың адамға дейін қабылданады.

«Қасиетті жұма күні елордамызда еңселі мешіт ашылып отыр. Бұл елордамыз – Нұр-Сұлтан қаласының бас мешіті деп аталады. Тәуелсіздік дәуірінде бізді қолдаған, елімізді ел қылуға жар болған Алла Тағалаға деген құрметімізбен мен осы мешітті салуға ниет жасадым. Бұл – бас қаламыз ғана емес, бүкіл еліміз, барлық мұсылман қауымы үшін маңызды оқиға» деді мешіттің ашылу салтанатында Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ Н.Назарбаев кейінгі 30 жылда бас қалада көптеген еңселі нысандар бой көтергенін айтты.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button