Мәдениет

Орталықта кітап көп

Бас қалада жасөспірімдер мен студенттерге арналған тегін коворкинг орталығы ашылды.

[smartslider3 slider=524]

Кеңістік 11 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «Замандас» отбасылық аула клубының негізінде құрылды. Коворкинг-орталықта білім алуға, өзге жастармен қарым-қатынас жасап, пікір алмасуға және шығармашылық дамуға қолайлы орта жасалған. Мұнда жазушылармен, ақындармен, қоғам қайраткерлерімен кездесулер, психологпен консультациялар ұйымдастырылып тұрады, сондай-ақ болашақта балалар мен жасөспірімдерге кәсіпкерлік сабақтарын өткізу жоспарланып отыр.
Коворкинг-орталықтың құрылуына «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры демеушілік жасаған.
«Біз «Замандас» қоғамдық қорының жұмысына 2013 жылдан бері қолдау көрсетіп келеміз. Олармен бірге көп баланың өмірін өзгерткен үлкен жолдан өттік. Жақында Нұр-Сұлтанда алтыншы аула клубын аштық. Енді онда 2700-ден астам бала бос уақытын өткізе алады. Оқушылар орталықта арт-терапия, хореография, шахмат, каратэ, домбыра, тоғызқұмалақ, ағылшын тілі сияқты 30-дан астам үйірмеге қатыса алады» деп атап өтті «Samruk-Kazyna Trust» қоры бас директорының орынбасары Серғожа Қалиасқаров.
Коворкинг-орталықтың әр бұрышындағы сөрелерде кітаптар самсап тұр. Мұнда тынығу бөлмесі де бар. Коворкинг-орталыққа 15 жастан асқан жасөспірімдер мен жастар қатыса алады. Орталыққа келу үшін 8 (701) 516 15 25 нөмірі бойынша алдын ала жазылу қажет.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button