2022 - Балалар жылы

Орталықтар ашылды

Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында Балалар жылы аясында «SANA» креативті білім беру орталығы ашылды. Орталық балаларды бағдарламалау және компьютерлік графика бойынша оқытады.

[smartslider3 slider=3129]

1-11-сынып оқушылары робот, ойын мен қосымшалар жасаудың тәжірибесін меңгере алады. Ал 4 жастан 9 жасқа дейінгі балалар «Matatalab Coding Set» робототехникалық жиынтығы негізінде бағдарламалау негіздері мен алгоритмдерді ойын түрінде үйренеді. Оқу тегін өтеді және курстан сәтті өткен білім алушыларға сертификат беріледі.

«Нұрсая» тұрғын үй кешенінде «Білім-парк» өнер-білім орталығының ашылуы өтті. Орталықта робототехника, кеме жасау, авиамодельдеу, видеографика үйірмелері бар. Алдағы уақытта хореография, домбыра, бокс, шахмат секцияларын ашу жоспарлануда. Балалар орталыққа тегін қатыса алады.

Сондай-ақ 40 оқушыға арналған «Tanym» креативті технологиялар орталығы ашылды. Мұнда жыл соңына дейін 1000-нан аса баланың қосымша білім алуға мүмкіндігі бар. «Tanym» – бұл балалар үшін шығармашылық және зияткерлік мүмкіндіктерді дамытуға арналған платформа. Негізгі мақсаты – жас таланттар қауымдастығын құру. Әр балаға жаңа технологиялар мен заманауи бағдарламалар ұсынылады. Орталықта балалар топпен бірігіп жұмыс істейді, идеямен алмасады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button