Елорда тынысы

Өшпес ерлікке тағзым

Аты аңызға айналған ұшқыш Талғат Бигелдинов­тің 100 жылдығына орай елордада батыр ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

[smartslider3 slider=3660]

 

Батырдың туған күніне орайластырылған ­іс-шара екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атағын ­иеленген, аңызға айналған ұшқышты бір минут үнсіздікпен еске алумен басталды. Даңқты ұшқыштың рухын көтерген шарада Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, Халық қаһарманы, армия генералы Мұхтар Алтынбаев батырдың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті. Іс-шараға қатысқан қазақтың тұңғыш ғарышкері, Кеңес Одағының Батыры Тоқтар Әубәкіров көк жүзінде ерліктің ерекше үлгісін көрсеткен, аты аңызға айналған біртуар тұлға туралы айтып берді.

«Талғат Бигелдинов – Екінші дүние­жүзілік соғыста өшпес ерлік көрсетіп, небәрі 23 жасында екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атанып, еліміздің мәртебесін биікке көтерген біртуар азамат. Оның қайталанбас ерлігі – өскелең ұрпақ үшін үлгі. Ол – қазақ халқын, Қазақстанды бүкіл әлемге танытқан, мәртебесін арттырған ұлы тұлға. Біз осындай батыры бар бақытты халықпыз» деді Тоқтар Әубәкіров.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button