Мәдениет

Осы аптада не көреміз?

Осы аптада Нұр-Сұлтан қаласының Мәдениет басқармасына қарасты мәдениет мекемелері тұрғындардың бос уақытын тиімді әрі пайдалы өткізу үшін 20-дан астам іс-шара өткізеді. Қалада концерттер, сүйікті спектакльдердің көрсетілімдері, көрмелер, т. б. шаралар өтеді.

[smartslider3 slider=2659]

Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясында 13 сәуір күні сағат 18:30-да филармонияның дәстүрлі әншілерінің «Ән самалы» концерті өтеді. Түстен кейін вокалды және аспаптық музыка кеші өтеді. Онда әртістер Роберт Шульманның шығармаларын орындайды.

«Жастар» сарайында 15 сәуірде ересектер мен балаларға арналған құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі кешенді жоспар аясында онлайн-викторина өткізіледі.

М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры осы аптада бес спектакль көрсетеді. 12 сәуірде С.Матвеевтің кешке «Пушкинмен оңашада», ал күндіз А.Касонның «Жабайы. Үшінші сөз» спектакльдерінің көрсетілімі өтеді. 14 сәуірде Д.Фо мен Ф.Раманың «Өмірде не жетпейді?» тұрмыстық сюрреализмін көруге болады. 16 сәуір күні түстен кейін жас көрермендер үшін М.Супониннің «Дереза ешкі» ертегісі, кешке А.Островскийдің «Найзағай» драмасы көрсетіледі.

12 сәуірде «Наз» мемлекеттік би театры Ғарышкерлер күніне арналған «Ғарыш және Қазақстан» іс-шарасын өткізеді. Демалыс күндері 15-17 сәуір аралығында елордалық қуыршақ театры Г.Х.Андерсеннің Т.Хасанғалиеваның қойылымындағы «Тумбелина» ертегісіне шақырады.

12 сәуірде «Жастар» ­театры С.Дүйсенбиевтің «Ма­хаббат миниатюралары» атты театрландырылған  концерттік бағдарламасын көрсетеді, ал кешке көрермендерді Н.Жақыпбайдың «Қысқы ән» концерттік бағдарламасы күтеді. 15 және 16 сәуірде сахнада К.Мұраттың «Қиянат» драмасы ұсынылады.

Музыкалық жас көрермен театрында 15 және 17 сәуір күндері сағат 19:00-де «Жылы орын» спектаклі өтеді.

11-13 сәуір аралығында Nomad City Hall залында «Nobel fest-IV» мәдени шарасы өтеді. 14 сәуірде сахнада «Әштен» спектаклі көрсетіледі, ал 16 сәуірде көңілді тапқырлар лигасы аясында «Білім-инновация» лицейінің оқушылары өнер көрсетеді.

Елорда кітапханаларында бір апта бойы орталықтандырылған кітапхана жүйе­сі ұйымдастырған түрлі интерактивті және танымдық іс-шаралар өткізіледі. Олардың қатарында әдеби сағаттар, кездесулер мен тақырыптық әңгімелер, кітаптар мен сурет көрмелері бар.

12 сәуірде Сәкен Сейфуллин мұражайында Т.Момбековтің 100 жылдығына орай «Күй құдіреті» атты дөңгелек үстел өтеді. 14 сәуірде мұражайдың әлеуметтік желілерінде оның залдарын онлайн-экскурсиялауға болады. 15 сәуірде Роза Бағланованың 100 жылдығына арналған онлайн дәріс өтеді.

«Ойшыл, ақын, мемлекет қайраткері Жүсіп Баласағұнидің туғанына 1005 жыл» онлайн сабағын желі қолданушылары 11 сәуірде «Мәңгілік ел» салтанат қақпасының аккаунтынан көре алады.

Баян Асылбекова

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button