Осы үш күнде ауа райы жылы
Синоптиктер алдағы үш күнде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, – деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz/
Астанаға арналған ауа райы болжамы
3 қазанда Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Солтүстік-шығыстан секундына 7-12 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 12-14 градус жылы.
4 қазанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соққан жел екпіні секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 2-4 градус аяз, күндіз 13-15 градус жылы.
5 қазанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соққан жел екпіні секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 0-2 градус аяз, күндіз 15-17 градус жылы.
Алматыға арналған ауа райы болжамы
3 қазанда Алматыда көшпелі бұлт шығады, түнде және таңертең жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 19-21 градус жылы.
4 қазанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын жел секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 18-20 градус жылы.
5 қазанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын жел секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 22-24 градус жылы.