Президент пәрмені

Отан отбасынан басталады

Қазақстан 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарында болуға тиіс. Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында осылай деген еді. 

Сондай-ақ, Президентіміз өзінің Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің бұдан әрі қарыштап, еселеп дамуына жол көрсетіп берді. 1997 жылғы «Қазақстан-2030» Стратегиялық бағдарламасы жарияланып, еліміз өз тарихында бұрын-соңды болмаған дамудың даңғыл жолына түсті. Бұл ретте еліміздің дамып, өзге керегесі кең елдермен терезесін теңестіріп жатқаны – Елбасымыздың көреген, сарабдал саясатының жемісі. Қазақта «өткен күннен алыс жоқ, келер күннен жақын жоқ» деген сөз бар. Бұл сөз тектен-тек айтылмаса керек. Біз Тәуелсіздік алып, жеке-дара мемлекет болған кезде ел тізгінін қолға алған Н.Назарбаевтың арқасында Қазақстан кемелдене түсті.

Мұның барлығы – еселі еңбекке, қажыр-қайратпен жасалған жұмысқа берілген баға.

Жалпы, ел бірлігі – ең асыл қасиет. «Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық ең алдымен өзімізге – қазақтарға керек. Қазақты ешуақытта сырттан жау алған емес» деген Президентіміз үйдің берекесі қабырғасының қиюымен емес, теңінің жиюымен, отбасындағы сыйластықпен, татулықпен кіретінін, егер біз күшті болсақ, басқа елдердің бізбен санасатынын есімізге салды. Осыған орай, біздің мекемеде де Елбасы тапсырмаларын орындау мақсатында игі істер атқарылуда.

Түрлі отбасы мәселелерімен әрбір адам өз өмірінде бір рет болса да АХАТ есігін ашатыны сөзсіз. Өйткені, бұл мекеме өмірге келген нәрестелерден бастап, некелесу, ажырасу, өмірден өту сияқты отбасында кездесетін кезеңдерді заңдастырады.

Неке, ерлі-зайыптылардың отбасындағы құқықтары мен міндеттерін белгілейтін рәсім болғандықтан, азамат үйленген алғашқы жылдан бастап, өмір бойы ерлі-зайыпты ғұмырын балаларымен, немере-шөберелерімен ширек ғасыр, жарты ғасыр, бірге өмір кешкен, абзал жандардың бақытты кезеңдерін атап өтіп, рәсімдеу ең бір маңызды істер болып табылады.

Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексіне сәйкес, АХАТ мекемелерінде мемлекеттік тіркеуге жататын жеті түрлі азаматтық хал актілері тіркеледі, атап айтар болсақ, олар: дүние есігін ашқан сәбидің тууын, әкелікті анықтауды, бала асырап алуды, неке қиюды, некені бұзуды, азаматтың тегін, есімін, әкесінің атын өзгертуді және қайтыс болған азаматтарды тіркеу болып табылады, яғни, адам өміріндегі ең маңызды отбасына негізделген оқиғаларды заңдастырады.

Сонымен қатар, хал актілеріне өзгерістер, түзетулер, толықтырулар енгізеді, қалпына келтіреді және оларды себептеріне қарай жояды, жоғалған немесе бүлінген куәліктерді қайталап береді. Осы аталған азаматтық хал актілері Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2012 жылдың 28-і ақпанындағы №99 бұйрығымен бекітілген «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді, азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, жоюды ұйымдастыру туралы Ережесіне сәйкес жүргізіледі.

Астана қаласының АХАТ бөлімдерімен 2013 жылдың басынан бастап 4 мыңдай өмірге келген бала тіркелді, 1200-ге жуық отбасы құрылды. Осындай үлкен жұмыстарды атқаруда АХАТ қызметкерлері абыройлы да жауапты істердің басы-қасында жүріп, өздеріне жүктелген міндеттерін мінсіз атқаруда.

Бахытжамал АБЫЛАЙҚЫЗЫ,
Астана қаласы Есіл аудандық АХАТ бөлімінің бастығы

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button