9 мамыр - Ұлы Жеңіс күні

Отан қорғаушыларға арналды

Елорда тұрғындары мен қонақтары «Бәйтерек» монументі, Студенттер саябағы, Demalys promenade жаяу жүргіншілер аймағы, Жазушылар аллеясы және амфитеатрда Отан қорғаушылар күніне арналған концерттерді тамашалады.

[smartslider3 slider=2951]

«Бәйтерек» монументінің жанында астаналықтар үшін үздік хиттерді қазақстандық эстрада жұлдыздары – Бейбіт Қорған, Маржан Арапбаева, Ибрагим Ескендір, Асылхан Шалқаров орындады. Бұдан басқа, Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония, NOMAD City Hall театры, Қорғаныс министрлігінің үрмелі оркестрі әртістерінің интерпретациясындағы жарқын нөмірлер көрерменді таң қалдырды.

Open air форматындағы қойылымдардың қызығы сол, көрермен орындаушыларға жақындай түседі. Музыка әуесқойлары классика, халық әні және джаз сияқты түрлі жанрдағы композициялардың дыбысын тамашалай алды.

Студенттік парктің импровизацияланған сахнасына Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның шығармашылық ұжымдары, «Жігер» эстрадалық-джаз оркестрі, Royal барабаншыларының шоуы және домбырашылар ансамблі шықты.

Demalys promenade жаяу жүргіншілер аймағының аумағында ұйымдастырылған концерт хедлайнерлері, Жас көрермендер музыкалық театры­ның және «Наз» мемлекеттік би театрының әртістері болды. Сонымен қатар, астаналық цирк жас көрермендерге арнайы өнер көрсетті.

Жазушылар аллеясында қазақтың халық әндері мен классикалық композициялары заманауи үлгіде шырқалды. «Астана мәдениет» қоғамдық бірлестігі мен «Астана» эстрадалық-симфониялық оркестрінің әртістері музыкалық тосынсый дайындады.

«Өз бағдарламасын қала әкімдігінің қолдауымен «Астана» эстрадалық-симфониялық оркестрі ұсынады. Біз қалалықтардың, тыңдаушылардың сүйікті әндерінің кең бағдарламасын ұсындық» деді «Астана» эстрадалық-симфониялық оркестрінің көркемдік жетекшісі Ержан Исин.

Сондай-ақ қала тұрғындары астаналық Амфитеатрда ҚР Ұлттық әскери-патриоттық орталығының дарынды жас әртіс­терінің музыкасына қосылып ән айтып, би биледі.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button