Жаңалықтар

ОТАНДЫҚ ӨНІМДЕРДІҢ САУДА ҮЙІ

Астана күні мерекесіне орай елордада отандық тауар өндірушілердің алғашқы сауда үйі ашылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Қазақстанның сауда кәсіпорындары қауым­дастығының вице-президенті Қайырлы Таукен мәлімдеді.

Қазақстанда жасалған

«Барлығы үй мен бақшаға арналған», «Туризм, санаторий және Қазақстанға саяхат», «Балалар паркі», «Әйелдер әлемі», «Фармацевтика», «Қолөнер шеберлерінің қалашығы», «Азық-түлік» секілді секцияларға бөлінетін сауда үйінің аумағы бастапқы кезде 5 мың шаршы метрді құрайды. Ондағы тауарлар мен қызметтердің бәрі «Қазақстанда жасалған» және «Халық маркасы» сапа белгісімен ұсынылатын болады. Сауда үйінде 14 облыстан келген 300-ге жуық фирма мен компания орналасады.
Жаңа сауда үйі отандық және шетелдік дистрибьютерлермен тікелей жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Яғни, ел экспортын арттыруға жағдай жасалады. Мұнда бағаның өсіміне әсер ететін делдалдық жүйе болмайтындықтан, барлық тауарға бекітілетін үстеме баға 3-7 пайыздан аспайтын болады.
Отандық өндірушілердің алғашқы сауда үйін 6 шілде күні пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Мәдина ЖАҚЫП

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button