Қоғам

Отандық пошта қызметіне өзгерістер енгізіледі

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі пошта қызметі ережелеріне өзгерістер енгізеді. Мақсат – пошта байланысы нарығын дамыту, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

«Ашық НҚА» порталында жарияланған бұйрық жобасына сәйкес, пошта қызметін пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін ПИН-код немесе QR-кодпен адресаттың келісімін алу арқылы пошта жөнелтілім үшінші тұлғаларға тапсыру мүмкіндігі қарастырылған.

Сондай-ақ бұдан былай «Пошта жәшігі» ұғымы алынып тасталады.

Одан бөлек, құнды жөнелтілім екені жарияланған ұғым енгізіледі және аталған жөнелтілім жіберу мүмкіндігіне байланысты пошта операторларының жауапкершілік шарттары нақтыланады.

Құжат жобасы биыл 21 сәуірге дейін қоғамдық талқылауға ұсынылып отыр.

Айта кетсек, Үкімет басшысы Олжас Бектенов жыл басында бір айдың ішінде ұлттық поштаны дамытудың жоспарын әзірлеуді тапсырған еді.

Сондай-ақ жыл басында Мемлекет басшысы «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасованы қабылдап, бірқатар тапсырма берді.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button