Sport

ОТАНДЫҚ ТЕЛЕАРНАЛАР УАҚИҒА ОРНЫНАН БАЯНДАЙДЫ

post-1-0-26519900-1396611650

Футболдан әлем чемионатына бір айға жуық уақыт қалды. Нөмірі бірінші саналатын спорттың бұл түрінен өтетін ең маңызды жарыс төрт жылда бір соғып отырады. Қазақстандық комментаторлар мен журналистер спорттық журналистика тарихында алғаш рет іс-шараны уақиға орнынан баяндайтын болады.

Телекөрермендер «Қазақ­стан» телеарнасының тікелей эфирінен 33 матчтың, «Еуразия 1» арнасынан және «КAZsport» телеарналарынан 32 матчтың трансляциясын көре алады. Сонымен қатар, телекөрермендер әлем чемпионатының ашылу салтанатын «Қазақстан» және «КAZsport» телеарналарынан көру мүмкіндігіне ие. Жабылу салтанатын 2014 жылғы 13 шілдеде «Қазақстан» және «Еуразия 1» телеарналарынан тамашалауға болады. Матчтардың толық кестесін «Қазақстан» РТРК» АҚ сайтынан алуға болады.

Аймақтық іріктеу жарыстарын қоса есептегенде әлем чемпионаты 3 жыл жалғасады. 2014 жылғы біріншіліктің іріктеу жарыстарына 204 құрама қатысты. Бір ай ішінде өткізілетін ақтық додаға 32 команда қатысады. Оның 31-і іріктеу турнирінің қорытындысы бойынша жолдама иеленсе, біреуі – жарыс иесі Бразилия. Тарихта Пеленің отандастары дүбірлі доданы өткізуді өз мойындарына бесінші рет алғалы отыр.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button