Мәдениет

Отаншылдар ән салды

ҚР Қарулы күштерінің 30 жылдығына орай «Отан. Әскер. Жас сарбаз» жобасы аясында өткізілген Нұр-Сұлтан қалалық әскери-патриоттық әндер байқауының финалдық кезеңі болып өтті. Оны ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен рес­публикалық «Жас сарбаз» қозғалысының астаналық филиалы ұйымдастырды. 

[smartslider3 slider=2884]

Ән байқауына «Жас сарбаз» сыныбы мен әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілері, Нұр-Сұлтан қаласының мектеп оқушылары мен колледж студенттері, жалпы саны 250 адам қатысты.

Финалдық кезеңдегі өнер сайысына Қорғаныс министрлігінің өкілдері, қалалық Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров, республикалық «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының жетекшісі Мейір­бек Мендығалиев, сол қозғалыстың Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы Асхат Налшыбек әділқазылық жасады.

«Отан. Әскер. Жас сарбаз» жобасының аясында көптеген іс-шаралар жоспарланған. Нақтылап айтар болсақ, әскери-­патриоттық жиын, марафон, футбол, волейбол сияқты спорт түрлерінен жарыстар, қайырымдылық шараларын ұйымдастыру. Бүгін сол жобамызыдың бірі және бірегейі әскери-патриоттық әндер байқауы өз мәресіне жетіп отыр. Байқаудың соңғы айналымына 50-ден астам конкурсанттар қатысып, бақ сынаған еді. Солардың ішінен финалға үздік деп танылған 8 өнерпаз шығып, жеңімпаз атанды» деді «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы Асхат Налшыбек.

Әбубәкір СМАЙЫЛОВ

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button