#Жолдау-2022

Отаншылдық рухты көтерейік

– Мемлекет басшысы Қасым-­Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауы «Жаңа Қазақстанды» құруға қажетті іс-шараларды жүзеге асыруға жол ашатын болды.

[smartslider3 slider=2504]

Парламент депутаттарының үштен бірі еліміздің аймақтарынан халықтың өзі тікелей сайлайтыны көптің көңілінен шықты. Ол дегеніміз – халық пен биліктің арасында алтын көпір болып, елдің мұң-мұқтажын, шынайы қалпын, «қызылды-жасылды» боямасыз, турасын айтып, азаматтық белсенділік танытып жүрген тұлғалар Мәжіліс төрінен орын алады деген сөз. Нәтижесінде Үкіметке жүктелер жұмыстар үнемі қадағалауда болып, Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын нақты іске асыруға мүмкіндік туатын болады.

Жолдауда «Жаңа Қазақстан» құру мақсаты тайға таңба басқандай түсіндірілуі біз сияқты білім-ғылым өкілдеріне де көп міндет жүктейді. Ендігі кезекте жас ұрпаққа «Жаңа Қазақстан» құрудың басым бағытын бағамдап, отаншылдық рухта тәрбие­леуді жаңа міндеттер тұрғысынан тұжырымдау керек. Ол үшін білім және ғылым жұртшылық өкілдерінің қатысуымен қоғамдық тыңдау өткізіп, жаңа міндет-мақсаттарды межелеуге тиіспіз.

Билікке халықтың сенімін арттырып, елдің қолдауына ие болуы «Жаңа Қазақстан» құрудың басты мұраты екенін терең түсінетін кез келді. Ендеше еліміздің зиялы қауым өкілдері жастарды отаншылдық рухта тәрбиелеуде өзіндік үлесін қоса беретініне сенім мол.

Кәрімбек ҚҰРМАНӘЛИЕВ, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі,

филология ғылымдарының докторы, профессор:

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button