Мәдениет

Отаншылдық туындылары орындалды

Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония ұжымдары Отан қорғаушылар күніне және Жеңіс күніне орай бірқатар іс-шара өткізді. Филармонияның концерт залында «Отан деп соққан жүректер» атты мерекелік концерт өтті.

Концертке қатысушылар музыкалық аспаптарда ойнау шеберлігін көрсетіп, ән шырқап, би биледі. Атап айтқанда, филармония әншілері Алтынбек Әбілда, Жандос Иманбай, Алтыншаш Мұқатаева, Парасат Отан, Қымбат Жамбылбек, Айдын Жұмабай, Мұратбек Хайролда, Бауыржан Тұрғымбаев, Ұлттық ұланның ән-би ансамблі, «Alem» заманауи хореография балеті және «Жас сарбаз» балалар шеберлік студиясы өнер көрсетті.

Есіл өзені жағалауындағы жаяу жүргіншілерге арналған көшеде Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның симфониялық оркестрінің шеруі өтті.

Қалыптасқан дәстүр бойынша тұрғындар көп жиналатын елорданың орталық саябағында музыканттар қала тұрғындары мен қонақтарын Жеңіс күнімен құттықтап, өнер көрсетті. Кенесары хан ескерткішінен басталып, орталық саябақтың «Амфи­театр» аумағына дейін жалғасқан шеру барысында баршаға таныс әрі сүйікті шығармалар орындалды.

Астаналық филармонияның үрлемелі аспаптар оркестрі мен «Астана жастары» мекемесінің жастары «Red bus» экскурсиялық екі қабатты автобуспен Ұлы Отан соғысының ардагерлері тұратын мекенжайларға барды. Ерекеше форматтағы бұл іс-шарада майдангерлер алдында әскери-­патриоттық туындылар мен соғыс жылдарындағы әндер орындалды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button