Елорда тынысы

Отанымның жүрегінде тұрамын

Адам баласының өмірінде үлкен жол ашылуына белгілі бір себепкер  оқиға болады екен. Сенсеңіз де, сенбесеңіз де сондай жағдай менің басымнан да өтті. Олай дейтінім, мен ел жүрегі – елорда тұрғынымын.

Төменгі сыныптарда оқып жүргенде теледидардың арғы жағында отырып армандайтын қалаға бір-ақ сәтте көшіп келіп, сол арманның жетуіне осыншама көз жеткіземін деп ойламаппын. Армандау керек екен, өйткені армандар қол созым жерде ғана екен.

Ата-анамның жоғары оқу орнын бітірген дипломы жоқ. Ауылда жұмыс жоқ. Үйде алты ағайындымыз. Содан ата-анам күтпеген жерден шешім қабылдап, елордаға қоныс аударды. Шынын айтсам, кіп-кішкентай болсам да, жағдайды түсінетін ақылым бар. Айтайын дегенім, ата-анам таңертең тұрғаннан  дамыл таппай жұмыс істеп, бізді мықты ер азамат қылып өсіруге барын салады.

Қазір елорда төрінде, өте жақсы мектепте білім аламын. Бұрын ешқашан ойламаппын Астанада оқимын деп. Қазір жаңа өзгерістерге үйреніп келемін. Мектепте достарым көп. Сабағымды жақсы оқуға тырысып жүрмін. Болашақта түрлі елдерді аралағым келеді. Журналист болсам деп армандаймын. Қазір бос уақытымды тиімді өткізуге тырысып, қосымша білім аламын.

Алдыма қойған мақсатым да,  жетер шыңым да осы елорда төрінде басталады. Бұған кәміл сенемін!

 Жігер БЕРІКҚАЛИЕВ,

№92 мектеп-лицейінің оқушысы

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button