Президент пәрмені

ОТБАСЫ – ӘЛЕУМЕТТІК БЕРЕКЕНІҢ НЕГІЗІ

Гүлнәр САҒЫНДЫҚОВА, Астана қаласы Әділет департаментінің бөлім бастығы

Қазіргі уақытта неке тұрақсыз­дығы өткір мәселелердің бірі болып отыр. 2012 жылдың алғашқы тоғыз айында Астана қаласында 6846 неке тіркелсе, оның 1950-і сәтсіз аяқталды. Жұмыс барысын­да жауапсыздықтың кесірінен туын­дай­тын келеңсіз оқиғалармен бетпе-бет келгенде жаның ауырып, жүрегің сыздайтыны рас. Өйт­кені, отбасының бұзылуы кінәсіз сәбилердің жетім атануы-на, соның салдарынан елімізде балалар үйінің көбеюіне әкеліп соғары анық. Елбасы биылғы Жол­дауында «Мен ажырасуға қарсымын, жастарды отбасы құн­дылығы, ажырасудың қасірет екендігі рухында тәрбиелеу керек, өйткені, оның салдарынан, ең алдымен, балалар зардап шегеді. «Әкесі қой баға білмегеннің ба­ла­­сы қозы баға білмейді». Бала тәр­биесі – тек ананың емес, ата-ананың екеуіне де міндетті» деп өте орынды айтты. Отбасының құндылығы, жанұяның бақыты мемлекет үшін ең маңызды мәселе екендігін еске салды.

Елбасы Жолдауында «Бала тәрбиелеу – болашаққа ең үлкен инвестиция» деді. Расында, бала – мемлекеттің басты байлығы, қазынасы және болашақ тірегі. Халқымызда «Ағаш түзу өсу үшін оны жас шыбық кезінен баптау керек, үлкен ағашқа айналғанда оны түзету қиын» деп бекер ай­тыл­маған. Баланың бойына жас­тайынан ізгілік, мейірімділік, адам­гершілік секілді құнды қа­сиеттерді сіңіру үшін оның толық­қанды отбасы болуы керек.

Сондықтан, Мемлекет басшы­сының ана мен баланы қорғау, отбасы және неке сала­сын­дағы заңнаманы түбегейлі қайта қарау жөнінде Үкіметке тап­сырма беруі дер кезінде қабыл­дан­ған оңды шешім болды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button