Қоғам

Отбасы банк “Наурыз” бағдарламасы бойынша бастапқы жарнаны төмендетеді

2025 жылы Отбасы банк “Наурыз” бағдарламасы бойынша бастапқы жарнаны төмендетеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Отбасы банк (“Бәйтерек” холдингінің еншілес ұйымы) жақсы жаңалығымен бөлісті. “Наурыз” тұрғын үй бағдарламасы келесі жылдан бастап қолжетімді шарттармен жұмыс істейтін болады. Бұл азаматтардың қаражатын үнемдеуге және тұрғын үй сатып алуды тиімдірек етуге мүмкіндік береді.
Енді таза әрлеудегі пәтерді таңдай отырып, заем сомасының небәрі 10% мөлшерінде, бірақ 2 миллион теңгеден кем емес бастапқы жарнаны депозитке салу жеткілікті болады.

Бұл опция құрылыс салушыларды таза әрлеуде пайдалануға берілген тұрғын үйлердің үлесін ұлғайтуға ынталандырады және осындай нысандардың тартымдылығын арттырады. Бұл жағдайда банк клиенттері үшін үйлерін жөндеуге қосымша несие алудың қажеті болмайды.
Банк келтірген есептеулер көрсеткендей, бастапқы жарна төмендетілген жағдайда “Наурыз” бағдарламасына қатысушылар тұрғын үйді тиімдірек сатып ала алады. Мұны “Наурыз” бағдарламасы бойынша өңірлердегі заемның ең жоғары сомасы – 30 млн теңге мысалында қарастыруға болады.

Қазіргі жағдайда бұл қалай іске асырылуда: банк клиенті құны 25 млн теңге тұратын қара әрлеудегі пәтерді таңдап, оны жөндеу жұмыстарына тағы 5 млн теңге заем алады (банкте бір банктік қарыз шарты шеңберінде тұрғын үйді жөндеуге қосымша заем алу мүмкіндігі бар), сонда қарыздың жиынтық сомасы 30 млн теңгені құрайды. Клиент 20% (6 млн теңге) мөлшерінде бастапқы жарнаны енгізеді. Жөндеуге арналған барлық шығындарды жөндеуге қосымша заем алмай-ақ өз қаражатыңызбен жабуға да болады. Салдарынан, клиент бастапқы жарна мен жөндеуге алынған қаражатты ескеруі керек немесе пәтерді арзан бағамен іздеуі керек, жөндеуге уақыт жұмсап, сметадан жоғары шыққан қосымша шығындарды көтеріп, қоныс тойын кейінге қалдыруға мәжбүр болады.

Жаңа шарттар енгізілгеннен кейін қалай болады: банк клиенті 30 млн теңге шегінде неғұрлым жоғары бағамен таза әрлеудегі тұрғын үйді таңдайды, өйткені жөндеуге қаражат салудың қажеті жоқ. 10% (3 млн теңге) мөлшерінде неғұрлым төмен бастапқы жарна енгізеді. Нәтижесінде жөндеуге қосымша уақыт пен ақша жұмсаудың қажеті жоқ. Сіз бірден сатып алынған пәтерге кіріп, туыстарыңызбен қоныс тойын тойлай аласыз.

“Наурыз” бағдарламасындағы тағы бір өзгеріс депозиттерде жинақтаудың ең аз сомасының болуына қатысты. 2025 жылы бағдарламаға қатысып, өтініш беру үшін жинақ шотында кемінде 2 миллион теңге жинақтау қажет. Бұл шара халық тарапынан бағдарламаға белсенді қызығушылықпен негізделген және қатысушылардың әділ іріктеуін арттыруға бағытталған. Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға шынайы негізделген, ең төменгі бастапқы жарнаны қамтамасыз ету мүмкіндігі бар салымшылар “Наурыз” бағдарламасына қатысуға көбірек мүмкіндік алады.

2024 жылы өтінімдерді қабылдау және қатысушыларды іріктеу көптеген қазақстандықтардың тізімге енгенін, бірақ кейіннен 20% мөлшеріндегі бастапқы жарнаны енгізе алмағанын көрсетті. Бұл ретте бастапқы жарна мәселесін шеше алатын қазақстандықтар тізімге кіргей қалғаны өкінішті.
Мысалы, 2024 жылдың 2 желтоқсанындағы жағдай бойынша банк жұмысындағы 2 573 өтінімнің тек 39%-ы бойынша клиенттер 20% мөлшерінде қажетті бастапқы жарнаны енгізе алды.

2025 жылы “Наурыз” бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдау мемлекеттік сыйлықақы Отбасы банк салымшыларының шоттарына есептелгеннен кейін басталады деп күтілуде. Дәстүр бойынша жинақ шоттарына мемлекеттік сыйлықақы ақпан айында түседі. Мемлекеттік сыйлықақы жинақ сомасын көбейтеді және сол арқылы “Наурыз” бағдарламасына қатысу мүмкіндігін арттырады. Оны алу үшін банктегі депозитті 31 желтоқсанға дейін толтыру қажет.

Мемлекеттік сыйлықақы 200 АЕК-тен аспайтын сомаға 20% мөлшерінде есептеледі. 2024 жылы бұл 738 400 теңге. Егер клиент бір жыл ішінде осы қаражатты өз депозитіне жинаса немесе оларды бірден шотқа салса, онда 2024 жылдың қорытындысы бойынша ол ең жоғары сыйлықақыны – 147 680 теңгені алады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button