Елорда тынысы

Отбасы – бақыт мекені

Отбасы – мемлекетімізді құрайтын қоғамның ең маңызды ұясы. Отбасы институтын нығайту мақсатында «Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы «Отбасы – бақыт мекені» игілікті іс-шара өткізді.

Елордалық ең жас отбасыларын бір шаңырақта жинаған жобаның аясында отбасылық марафон ұйымдастыру, жас жұбайларға арналған семинар-тренингтер, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған сыныптан тыс іс-шаралар, бейнебайқаулар, фотосуреттер байқаулары бар.

Жаңа жоба «Үздік жас отбасы» жалпықалалық байқауымен қорытындыланды. Жобаның ережесіне сәйкес, жас отбасылар үздіктер қатарында болуы үшін «Неліктен бұл байқауда жеңіске жетуіміз керек?» тақырыбына бейне визитка жазды, ал мәреге жеткендер әлеуметтік желідегі парақшаларда лүпілдер және пікірлер саны бойынша анықталды. Байқауға қаланың 53 отбасы қатысқанымен, финалға тек 10-ы ғана жолдама алды. Жастардың көңілді жарысы бірнеше кезеңнен тұрады. Өздерін таныстырып, өнерін ортаға салды, білім деңгейін сынады. Байқау жеңімпаздарына тұрмыстық техника сатып алу үшін қомақты қаржы берілді. Осылайша, бірінші орынға Сембековтер отбасы 500 000 теңгенің сертификатын, екінші орынға шыққан Балабековтер отбасы – 350 000 теңге және үшінші орынға Боташовтар 250 000 теңгелік сый-сияпатқа ие болды.

Жас отбасыларды қолдауға әншілер Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдина, журналист Есенәлі Айкерім, М.Горький атындағы Мемлекеттік орыс драма театрының директоры Ернар Жұматаев, «Мөлдір Мұқанованың өнер-білім орталығының» негізін қалаушы Мөлдір Мұқанова, медиаменеджер, продюсер Алпамыс Шаримовтер қатысып, қолдау көрсетті.

Тағыда

Айгүл Уайсова

Ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button