Жаңалықтар

Отбасы күні – мерейлі мереке

Биыл Қазақстанда алғаш рет Отбасы күні атап өтіледі. Осыған байланысты 8 қыркүйекте елордада 14-тен астам іс-шара ұйымдастырылады. 

6 қыркүйекте Отбасы күнін атап өту қарсаңында Конгресс-Холлда «Қос жүректің лүпілі» атты концерт өтеді. Сахналық және отбасылық өмірде бірге жүретін жұптар мерекелік бағдарламаның басты ерекшелігі болмақ.

7 қыркүйекте Конгресс-Холлда қаладағы тіршіліктің өзекті мәселелері бойынша Ашық есік күні өтеді.

Бұл күні елорда тұрғындары мен қо­нақтары қалалық мемлекеттік меке­ме­лердің қызметімен, жоспарларымен танысып, өздерінің сауалдарын жолдайды.

Осы күні «Дәулет» спорт кешенінде мемлекеттік қызметкерлердің отбасы­лары арасында «Өнегелі отбасы бай­қауы» ұранымен спорттық эстафета өтеді. Сонымен қатар, мәдени концерттік бағдарлама ұйымдастырылады.

Бұдан басқа, 2-8 қыркүйекте жетім, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін түрлі қайырымдылық акциялары өтеді.
Қалалық емханалар «Отбасы және денсаулық» акциясы аясында жас отба­сыларды тегін қабылдайды. Ірі сауда орындарында Отбасы күніне орай халық тұтынатын тауарларға жеңілдіктер жасалып, «Арзан баға» акциясы ұйым­дастырылады. ЖОО мен кәсіптік орта білім беру мекемелері студенттер арасында отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған дәрістер оқып, акциялар өткізеді. Сондай-ақ, Отбасы күніне орай елордада жартыжылдық мерейтойын атап өткен отбасыларды құттықтау, көпбалалы отбасыларды марапаттау, әлеуметтік аз қамсыздандырылған және толық емес отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсету ұйымдастырылады.

Таңатар Төлеуғалиев, Еркежан СӘТІМБЕК

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button