Жаңалықтар

ОТБАСЫ КҮНІН АТАП ӨТТІ

Өткен жексенбіде елорда тұрғындары мен қонақтары халықаралық Отбасы күнін Астаналық паркте атап өтті. Осы күні жеті команда көңілді жарыстарда бәсекеге түсті.

Спорттық мерекеге балалар мен ересектер қатысты. Ата-аналар мен балалар ептілік пен жылдамдық қабілеттерін көрсететін жарыстарда сынға түсті. Көңілді старт бағдарламасына асық ату мен арқан тарту сияқты ұлттық ойындар да енді.
– Халықаралық отбасы күні 1993 жылы бекітіліп, жыл сайын 15 мамырда аталып өтіледі. Біз отбасылық жарыстар, саяхаттар және т.б өткіземіз. Бұл жолы мереке саябақта жаттығу жасаудан басталды. Содан кейін кезек жарыстарға берілді, – деді Астана қаласы салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының директоры Ақмарал Құрманбаева.
Әденовтер әулеті осы сияқты бұқаралық шараларға бүкіл отбасымен қуана қатысады. Олар бүгін де тыс қалған жоқ.
– Әдеттегідей, бүкіл отбасымызбен келдік. Әр демалыс сайын таза ауаға шығып отыруға тырысамыз, қалалық саябақтарда ұйымдастырылатын ойын-сауықтарға қатысып жүреміз. Осындай қызықты спорттық жарыстар өткізу – тамаша идея, мұндай шараларды жиі ұйымдастырған дұрыс, – деп Асқар Әден өз пікірімен бөлісті.
Астаналық паркте 8 мамырдан бастап демалыс күндері ашық аспан астында бұқаралық спорттық және фитнес жаттығулар жасау ұйымдастырылып келеді. Тәжірибелі нұсқаушылардың жетекшілігімен йога, зумба және кроссфиттен сабақ алуға болады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button