Қоғам

Отбасы құндылығын дәріптейік

Мемлекеттің отбасы саясаты – Қазақстанның әлеуметтік саясатының ажырамас бөлігі. Әрі ол отбасының өмір сүру сапасын, жағдайды жақсартуға бағытталған ұйымдастырушылық, экономикалық, құқықтық, ғылыми, ақпараттық және кадрлық қамтамасыз ету ұстанымдары, бағалары мен шаралары жүйесін білдіреді.

Мемлекеттік саясаттың мақсаты – отбасын қолдау, нығайту және қорғау, отбасы мүшелерінің физикалық, интеллектуалдық, рухани, адамгершілік дамуына қолайлы жағдай жасау, ана болуды, әкелікті және балалық шақты қорғау. Қазақстан 1979 жылы 18 желтоқсанда әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы конвенцияға қосылды. Осы халықаралық құқықтық актінің 3-бабында: «Әйелдерге адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын ерлермен теңдік негізінде іске асыруына және пайдалануына кепілдік беру үшін қатысушы мемлекеттер барлық салаларда, және ішінара алғанда саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени салаларда әйел­дердің жан-жақты дамуы мен прогресін қамтамасыз ету үшін барлық тиісті заңнамалық шараларды қоса қабылдайды» деп көрсетіледі.

2012-2022 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиясының қабылдануы мен жүзеге асырылуы әйелдердің ғана емес, ерлердің де құқықтары мен мүмкіндіктері мәселелеріне тең дәрежеде қарауға мүмкіндік берді. Гендерлік стратегияны іске асырудың аяқталуы мемлекеттік гендерлік саясаттың жаңа кезеңін тұрақты дамудың халықаралық тенденцияларымен, ұлттық стратегиялық басымдықтарымен және әлеуметтік саясаттың жаңа принциптерімен байланыс­тыруға мүмкіндік туғызды. Осылайша, қазіргі заманғы тұрақты отбасының қалыптасуы мен гендерлік теңдікке қол жеткізу жағдайын қалыптастыру бұл қоғамды әлеуметтік жаңғыртудың ажырамас процесі екендігі айқын болып отыр. 2016 жылғы 6 желтоқсанда Қазақстанда 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы бекітілді. Тұжырымдама ҚР Конституциясы, «Қазақстан-2050» стратегиясы, «100 нақты қадам» ұлт жоспары, Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру тұжырымдамасы, әйелдерге қатысты дискриминацияның барлық түрін жою туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының конвенциялары және басқа да ратификацияланған халықаралық шарттар мен келісімдер негізінде әзірленді. Біздің елімізде отбасы, әйел­дер мен балалар мәселелері, қоғамдағы отбасының маңызын түсіну, оның жаңа ұрпақты тәрбиелеудегі рөлі, әлеуметтік тұрақтылық пен прогресті қамтамасыз ету, отбасы мен балалардың мүддесін ескеру қажетін мойындау, сондай-ақ, оларды әлеуметтік қолдаудың арнайы шараларын қабылдау мәселелері бойынша жеткілікті заңнамалық база құрылды.

Астана қаласының Алматы аудандық соты гендерлік саясат мәселелері бойынша таныстыру және түсіндіру сипатындағы рәсімдерді белсенді түрде жүзеге асырады, осы жұмысқа бұқаралық ақпарат құралдары тартылады, судьялар мақалалар мен материалдар жариялайды, қоғамның, оның ішінде құқықтық қоғамдастықтың қатысуымен әртүрлі іс-шара (семинар, дөңгелек үстел, дәріс және т. б.) өткізеді.

Айзада СЕРДӘЛІ, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық

университетінің студенті

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button