Жаңалықтар

Отбасылық кітаптарын сыйға тартты

Адал еңбек, озық білім және үздік тәжірибе жастарға қашанда қажет. Міне, осы орайда Байқоңыр ауданындағы «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығына қарасты «Интеллектуалды дамыту» клубы біршама жұмыс атқаруда. Осы клубты ұйымдастыру идеясының авторы өзінің отбасылық кітапхана қорын «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығына сыйға тартқан Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі, «Үздік оқытушы» медалінің иегері әрі «Үздік оқытушы» номинациясының жеңімпазы, ғалым-ұстаз, прфессор Маржан Пірімбетова 2 мыңнан астам кітап қорын осы орталыққа сыйға тартты. Біз сол рәсімнің тұсаукесеріне қатысып, жақсы жаңалықтың жаршысы болдық.

[smartslider3 slider=3289]

 

Маржан Бектұрсынқызы осы клубта, мәдени, рухани іс-шарамен қатар, ұрпақ тәрбиесіне, кітап оқу мәдениетіне, Абай оқулары мен мемлекеттік тілге байланысты, әдеби, мәдени өмір мен ұлттық салт-дәстүр және қайырымдылық тақырыбына байланысты кездесу-кеш өткізуді жоспарына енгізген екен. Ал бұл кездесу-кештің тақырыбы Маржан Пірімбетованың орталыққа тапсырған кітаптарына байланысты болды.

Тұсаукесер рәсімінде ал­ғашқы сөз алған Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі орталықтандырылған кітапханалар жүйе­сінің директоры Гүлбадан Сақтап­қызы «Бір кітап – бір әлем» тақырыбында сөз алып, орталыққа мыңнан астам кітап сыйлап отырған ардагер-зейнеткер, профессор, ұлағатты ұстаз Маржан Пірімбетоваға алғыс айтып, оның өнегелі ісіне ризашылығын білдірді.

Шынында да, Маржан Пірімбетованың бұл жасап отырған игі ісі – көпшілікке ой тастар жақсы бастама. Егер бұл кітаптар оның үйінде тұрса балалары ғана оқиды, ал егер кітапханаға тапсырса қаншама қалың оқырман білім нәрінен сусындайды. Сондықтан ол – ел қамын ойлаған абзал адам, жаны қайырымдылыққа толы мейірімді жан.

 

Ғалия БАЛТАБАЙ,

Қазақстанның құрметті журналисі, Нұр-Сұлтан қалалық Ардагерлер кеңесі медиатобы жетекшісінің орынбасары

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button