Денсаулық

Отбасылық орталықтар көбейеді

Елордада жыл соңына дейін 2 отбасылық денсаулық орталығы ашылады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әлия Рүстемова айтты.

[smartslider3 slider=731]

Оның айтуынша, «Шипагер» отбасылық денсаулық орталығы» ЖШС-нің ашылғалы отырған 2 нысаны бар. Біреуі Тұран даңғылы, 55 мекенжайында орналасқан. Нысанға жөндеу жұмыстар жүргізіліп жатыр және 15 желтоқсанда ашылады. Орталық 14 400 адамға қызмет көрсетеді. Келесі орталық – Сауран көшесі, 15 мекенжайында. Ол жерде де жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр және қарашаның ортасында аяқталады. Онда шамамен 3,5 мың тұрғынға арналған екі учаске болады. «2018-2020 жылдар аралығында жаяу 20 минуттық жердегі қолжетімділікті қамтамасыз ететін 30 «Үйдегі дәрігер» нысаны ашылды. Биыл мұндай 10 нысан ашу жоспарланған» деді ол қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясы отырысында.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button