Қала тіршілігі

Өтініш ескерусіз қалмайды 

Пәтер иелері кооперативтері (ПИК) және Мүлік иелері бірлестігінің (МИБ) өкілдерімен кездескен Сарыарқа ауданының әкімі Есет Байкен халық санағының өту барысына қатысты жиын өткізді.

Кездесуге қатысқан Статистика департаментінің өкілі интервьюерлер 1 қазаннан үйлерді аралау бастағанын айтты. Бұл жұмыста тұрғын үйге қызмет көрсетуші ұйымдардың (ПИК, МИБ) байланыс ұстаудың маңызын атап өтті. Халық санағы жайлы тұрғындарды хабардар ету, интервьюерлердің пәтерлерге кедергісіз кіруге жағдай жасауға жауапкершілікпен қарау керектігін жеткізді.
Қазіргі таңда Сарыарқа ауданы бойынша халық санағынан 78 000-нан астам адам өткен. «Халық санағы еліміздің алдағы даму жоспарына үлкен әсерін тигізеді» деді Е.Байкен.
Жиналыс барысында аудан тұрғындарынан іkomek -109 орталығына түсетін өтініштерімен жұмыс жайы да талқыланды. «Өтініштердің басым көпшілігі коммуналдық қызметтерге байланысты болып отыр. Сол себепті, аудан әкімдігі мен коммуналдық қызметтер арасында жедел әрекет ету қағидасы жұмыс істеу керек» деді аудан әкімі.
Көппәтерлі тұрғын үйлердегі мәселелердің бірі – күрделі жөндеу жұмыс­тары болса, «Нұрлы Жер – 2020-2025» бағдарламасы арқылы қазіргі таңда ауданда 41 үй жөнделді.
«Аталмыш бағдарлама арқылы лифттерді, инженерлік желілерді, үйдің төбесін, ішкі және сыртқы жөндеу жұмыстарын жүргізуге болады. Бұл үшін ең алдымен тұрғындардың басым көпшілігінің келісімі қажет. Бағдарламаға жауапты – «Өркен қала» ЖШС» деді Е.Байкен.
Сонымен қатар ПИК және МИБ өкілдерімен аулалардың тазалығы мәселесі талқыланды. Мердігер ұйымдардың жаз мезгіліндегі жұмысының нәтижесі мен қысқа дайындықтары туралы мәселе қозғалды.
«Алдағы уақытта ПИК пен МИБ басшылары сапасыз жұмыс істеген мердігер ұйымдар туралы өзіме тікелей хабарлап отыратын болады. Тұрғындар ең алдымен өздерінің қызмет көрсетуші ұйымына жүгінетініне сүйенсек, бұл тәжірибе оң нәтижесін береді. Қазан айының соңында мердігер ұйымдардың аулаларды тазалау кестесі әр тұрғын үйдің хабарлама тақтасына ілінетін болады» деп түйіндеді аудан әкімі.
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button