Қоғам

Өтініштер дер кезінде қаралады

ҚР  Қаржы  министр­лігі  Қаржылық  бақылау комитетінің Астана қаласы бо­йынша Қар­жылық бақылау инс­пекциясы (бұдан әрі – Инспекция)  «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәр­тібі туралы» ҚР заңы­ның нормаларын орындау бойынша іс-шаралар жүргізуде.

Азаматтардың өтініш­терін қарау бойынша жұ­мыс – инс­пекция қызметі­нің ажырамас бөлігі.
2016 жылғы өткен ке­зеңде жеке және заңды тұлғалардан 240 өтініш келіп түсті. Барлық өтініш заңнамада белгіленген мерзімде қаралады.
Өтініштерді талдаған кезде олардың басым бөлігі мем­лекеттік сатып алуға, жал­ақыны негізсіз төлеуге, бюджет қаржысын игеруге және басқа да мә­се­лелерге байланысты екені анықталды.
Азаматтардың өті­ніш­тері­нің маңыздылығына баса назар аудара отырып, Астана қаласының атқарушы органдары тарапынан бұзушылықтарды болдырмау – басты талап.
Инспекция басшылығы бекі­тілген кесте бойынша азаматтарды қабыл­дайды. Сонымен бірге, тұрғындардың арыз-шағы­мына арналған жәшік орнатылған.
Қазақстан Респуб­ликасының бюджет заң­намасын, сондай-ақ мем­лекеттік сатып алулар туралы заңнамасын бұ­зу­шылыққа байланысты фактілер бойынша мына мекен-жайға хабарласуға болады: Астана қ., Петров к-сі, 5-үй немесе 8(7172)35-20-23 сенім теле­фо­ны арқылы жүгі­нуіңізді сұ­раймыз. Элек­трондық мекенжай: fink.astana@minfin.gov.kz

Астана қаласы
бойынша Қаржылық бақылау инспекциясы

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button