Жаңалықтар

ӨТКЕН ЖОЛЫМЫЗ ӨНЕГЕЛІ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Тұңғыш Президент күніне арналған баян­­дамасында Қазақстан халқының тәуелсіздікке жеткен жолының та­­рихи түйінін және аса маңызды үш кезеңін атап өтті.

Бірінші кезең – біздің мемлекетіміздің тұңғыш абсолюттік егеменді мем­­лекеттік акті ретінде Семей полигонын жабу туралы Жарлықты бе­кі­туі.

Екінші кезең – 1991 жылдың 1 желтоқсанында халқымыздың тари­хын­да тұңғыш рет өткен Қазақстанның Президентің жалпыхалықтық сай­лауы.

Үшінші кезең – «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тәуелсiз­дi­­­гi туралы» Конституциялық заңның қабылдануы.

Шынында да, осы үш шешім Қазақстан тағдырындағы оның ке­йін­­гі ба­ғытын анықтаған және әрбір қазақстандықтың мақтаныш ете­тін жетістіктер мен жеңістерге негіз болды. Әр қазақстандық үшін ең басты, өмірлік маңыздылығы бар оқиға, әрине, 1991 жылдың 16­ желтоқсанындағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тә­уел­сiздiгi туралы» Конституциялық заңы қабылданған кезең болып та­­былады. Аталған Заңның 6-шы бабында белгіленгендей, тарихи тағ­дыр ортақтастығы қазақ ұлтымен біріктірген республиканың барлық ұлт­тарының азаматтары Қазақстанның бiртұтас халқын құрайды, бұл ха­лық Қазақстан Республикасындағы егемендiктiң бiрден-бiр иесi және мемлекеттік биліктің қайнар көзi болып табылады, Қазақстан Рес­публикасының Конституциясы мен заңдары негiзiнде тiкелей де, сон­дай-ақ, өзі сайлайтын мемлекеттiк органдар арқылы да мемлекеттiк өкі­мет билiгiн жүзеге асырады.

Қазақстанның көп ұлтты халқы осындай заңды көптен бері күт­кен болатын. Аталған Конституциялық Заң саяси құқықтық және эко­но­ми­калық қайта құрудағы іргетасы болып, Қазақстанның тәуелсіздігі мен­ егемендігіне негіз болды.

Мысалы, 1993 жылдың 28 қаңтарында Қазақстан Республикасының бі­рін­ші Конституциясы қабылданды. 1995 жылдың 30 тамызында жал­пы­халықтық референдумда Қазақстан Республикасының жаңа Кон­ституциясы қабылданды. Дамыған мемлекет құруда 1997 жылдың қа­занында қабылданған «Қазақстан – 2030» Стратегиясы негіз болды.

Жалпы, егеменді Қазақстанның 21 жыл өткен кезеңінде Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін, мем­ле­кеттік және қоғамдық институттардың дамуына арналған көптеген ма­ңызды Заң актілері қабылданған болатын.

Мемлекет басшысы айтқандай, еліміз үшін өткен екі онжылдық саяси жә­не экономикалық тұрғыда өте маңызды реформалардың жүзеге асуымен, жаңа мемлекеттің орнығуымен, әлем елдерімен қарым-қатынасты ны­­ғайтумен байланысты аса серпінді кезең болғаны анық.

Бүгінде қазақстандықтар өткен күндерге көз жүгіртіп, біздің Қа­зақ­стан өзінің 21 жыл тәуелсіздігінде, халық өзінің ынталы еңбегінің ар­қа­сында, Көшбасшысы Н.Назарбаевпен бірге барлық салада орасан нә­тижелерге қол жеткізіп, сапаның жаңа сатысына шыққанын көріп жүр. Бүгінгі таңда, Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде бүкіл әлем та­ниды. Қазақстан өзінің салиқалы саясатының арқасында дүние жүзін­де­ лайықты орнын алды.

Бүгінгі күнде біз, қазақстандықтар, халықаралық алаңда құрмет ететін егеменді мемлекет құрдық. Біз қауіпсіздікті және елдің аумақтық тұтастығын қамтамасыз етеміз. Біз айналамыздағы көршілерімізбен достық қарым-қатынастамыз. Қазақстанның қазіргі заман талап ететін сұрақтарға лайықты деңгейде жауап беруге мүмкіндігі бар.
Ең бастысы, бүгін қазақстандықтар бала-шағасының және неме­ре­ле­рінің келешегін қауіптенбей, болашаққа сенімділікпен қарай алады. Біз оларға күшті және өркендеген мемлекет табыс етуіміз керек және біз­дің халық өзінің Көшбасшысы Н.Назарбаевтың бастамасымен жаңа жетістіктер мен жеңістерге ұмтылуда.

Дәл осыны тарих бізге, атамекеніміз Қазақстан үшін жауапкершілікті са­лып біздің заманға тәуелсіздігіміздің басында тұруға мүмкіндік берді. Қа­зақстанның жаңа тарихында құқықтық мемлекет құру барысында әді­лет органдары белсенді қатысып, жас мемлекеттің қалыптасуына және нығаюына, құқықтық саясатын іске асыруда өз үлесін қосып келеді.
Осы мереке бізге, барша қазақстандықтарға, өркендеудің бірліктің, ынтымақтың және татулықтың кепілі бола берсін.

Қанат МУСИН,
Астана қаласы Әділет департаментінің бастығы

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button