БілімМәдениетРуханият

Өткенімізді өнеге етеді

Елордада Nur Otan партиясы ҚР Білім және ғылым министрлігі және Qazaq epos қоғамдық қорымен бірлесе, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйым­дастырған «Тұлпар мініп, ту алған!» республикалық байқауы бастау алды.

[smartslider3 slider=589]

Жыр жарысы 6-10-сынып оқушылары арасында 25 қыр­күйек-5 қараша аралығында өтеді. «Едіге батыр» жырын жатқа айтудан өтеді. Қатысушылар қосымша Алтын Орда мемлекетінің тарихи оқиғаларына қатысты сұрақтарға жауап беріп, жырда кездесетін көнерген сөздердің мән-мағынасын түсіндіріп, қазақ әдебиеті пәнінің оқу бағдарламасы негізінде әзірленген сұрақтарға жауап беруі тиіс.
«Астана бойынша байқауға 200-ден аса оқушы қатысады. Басты мақсатымыз – өскелең ұрпаққа батырлар жырын насихаттау. Бұл – ұлттың жадын жаңғыртып, өткенімізді өнеге етудің жарқын бастамасы. Жыр арқылы балалардың бойына батырлық образдарды, салт-дәстүрімізді, мәдениетімізді сіңіріп, ана тіліміздің кереметтілігін көрсете аламыз. Әдеби әрі интеллектуалды байқау деп айтуға болады. Себебі қатысушылар логикалық сұрақтарға мүдірмей жауап беруі тиіс. 16 қарашада қалалық кезең өтеді. Қарашаның соңына дейін жеңімпаздардың есімі белгілі болады. Бір ерекшелігі, біз қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімдерінің мәртебесін арттыруға басымдық бердік. Себебі жүйрік шыққан балаға ғана емес, оның мұғаліміне де ақшалай сыйлық қарастырылған. Басты талап – 47 беттен тұратын жырды жатқа айту» деді «Тұлпар мініп, ту алған!» республикалық байқауының жетекшісі Арман Абдоллаев.
Жеңімпаз оқушылар ақшалай сыйлықтармен марапатталады. Аудандық кезеңде:
1-орын – 150 мың теңге;
2-орын – 100 мың теңге;
3-орын – 50 мың теңге.
Облыстық (қалалық) кезеңде:
1-орын – 750 000 теңге (біреу);
2-орын – 350 000 теңге (екеу);
3-орын – 200 000 теңге (екеу).
Облыстық (қалалық) деңгейдегі жеңімпаз оқушылардың мұғалімдеріне арналған ақшалай сыйлықтар:
1-орын – 1 500 000 теңге (біреу);
2-орын – 700 000 теңге (екеу);
3-орын – 400 000 теңге (екеу).
Байқау туралы толық ақпаратпен www.qazaqepos.com сайтында танысуға болады.
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button