Мәдениет

Отырар тарихынан сыр шертеді

Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында «Ұлы жібек жолы және Отырар алқабының ортағасырлық өркениеті» атты жылжымалы көрме ашылды.

[smartslider3 slider=3471]

Ашылу салтанатында Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары Күміс Сейітова, Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының директоры Жандос Болдыков, «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының директоры Жангелді Махашев көрменің маңыздылығы мен мән-мазмұны жайлы айтты.

Екі бөлімнен тұратын көрмеге Отырар тарихынан сыр шертетін 170-ке жуық түпнұсқа жәдігерлер қойылды. Алғашқы бөлімде Орта Азия мен Қазақстанның оңтүстігіндегі қала мәдениетінің дәуірлеген кезіндегі Отырар, яғни ІХ-ХІІ ғасырлардағы Отырардың тыныс-тіршілігін баяндайтын зерттеулер нәтижелері мен сол кезеңдерге тән түпнұсқа жәдігерлер жинақталды. Ал екінші бөлімде моңғол шапқыншылығынан кейінгі Отырардың қайта өркендеу дәуірі, әйгілі сұлтан Әмір Темір кезеңі және Қазақ хандығы тұсындағы Отырардың даму кезеңдерінен хабар беретін заттай жәдігерлер қойылды.

Аталмыш көрмені тамыз айы­на дейін тамашалауға болады.

Баян АСЫЛБЕКОВА

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button