Тәуелсіздікке 30 жыл

Отызда орда бұзар жасқа келдің

Аса қадірлі қазақ елінің азаматтары, баршаңызды ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!

[smartslider3 slider=1445]

Ата­бабаларымыз аңсаған, алаш арыстары жолында өзін құрбан еткен аяулы азаттығымыз мәңгі болсын! Татулық пен бірлік негізінде құрылған мемлекетіміздің саяси­экономикалық күш­қуаты артып, әлемнің озық мемлекеттерінің сапында көріне берсін! Еліміздің іргесі берік болсын! Ұлы дала төсінде мәңгілік бейбітшілік салтанат құрсын! Біз бүгін тұрғынымыз астана­елдің, Жалғасқан жұрнағымыз асқақ ердің. Айбынды азаттығым тұрған кезде, Жырлаймыз мерейтойын басқа ненің?! Отыз жыл бұрын қайта атқа қонып, Елдік пен ерлігімді растап едім. Желбіреп көк аспанда көк байрағым, Бірлік пен татулыққа бастап едің! Мерекең құтты болсын, тәуелсіздік, Отызда орда бұзар жасқа келдің!

Әсем ЕРЕЖЕҚЫЗЫ, айтыскер ақын

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button