Әлеумет

Ою-өрнекті маталар өндіреді

Елордалық кәсіпкерлердің «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында биыл да 2-ден 5 млн теңгеге дейін грант алу байқауына қатысып, қайтарымсыз грантқа ие болғаны белгілі.

[smartslider3 slider=3663]

«Бизнестің жол картасы» бағдарламасы бойынша елорда әкімдігінің грантына ие болған кәсіпкердің бірі – Балнұр Ахметказиева. Ол ою-өрнектері бар маталар өндіріп, компанияның жаңа бағытын ашып, сұйық әйнектен бұйымдар жасау курсының білім беру орталығын кеңейту ісін қолға алды.

– 9 жылдық еңбек өтілімі бар дизайнермін, отбасым, ұлдарым бар. 9 жылдан бері тігін, резин-арт, матаға сурет салу, әшекей жасау сияқты көптеген іспен айналыстым. Сонымен қатар шәкірт тәрбиелеп, курс өткіземін. Оны өткізудегі басты мақсатымның бірі – үйде, декретте отырған аналардың дамуына көмектесу, – дейді Балнұр Ахметказиева.

«2021 жылы «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арқылы мемлекеттен 5 миллион теңге қайтарымсыз грант алдым. Сол қаражатқа матаға сурет салатын арнайы аппарат алып, мата шығарамын. Өзімнің коллекцияларымды да жасап жүрмін. Сол жобаның арқасында «Born nomad» атты конкурста 2021 жылы Украина шеберлерімен бірлесіп, коллаборация жасау номинациясын ұтып алдым».

Кәсіпкер Балнұр өзінің принттарыммен киімдер шығарады және оны қарапа­йым халыққа тиімді бағамен сатады. Бұл кәсіпкер ананың басқа дизайнерлерге қарағанда ерекшелігі десе де болады. Балнұрдың жасаған өнімдері қарапайым халықтың дизайнерлік дүниені тұтынуына мүмкіндік береді.

Гүлшат Сапарқызы

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button