Жаңалықтар

ӨЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС өзектілігі

Сот---2

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Астана қаласы соттары мен бұқаралық ақпарат құралдары қарым-қатынасындағы өзекті мәселелерді талқылау» тақырыбында дөңгелек үстел мәжілісі өтті.

Басқосуға мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты судьялары мен «Заң газеті», «За­ман Қазақстан», «Астана ақша­мы», «Сақшы» газеттері мен «Қазақстан», «Хабар», «24 kz» теле­ар­наларының, «Қазинформ», «КазТАГ» сияқты ақпарат агенттік­терінің өкілдері қатысты.
«Сөз бостандығы мен бұқаралық ақпарат құралдарының ашықтығы – адам құқын сақтаудың негізгі талаптары. Сондықтан, сот мәжілістеріне қатысушы журналистерге ешқандай кедергiлер болмауы керек. Сот төрелiгi үшiн шешiм қабылдау жүйесi ашық сот бейнесiн қалыптастыру қажет. Азаматтардың құқықтарын, бостандығын және мүддесiн қам­та­масыз ететiн соттар үшiн бас­па­сөзбен тығыз қарым-қатынас орнату маңызды» деді өз сөзінде Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Ақан Жұмағұлов.
Қазір қоғамдық санаға әсер етіп, қоғамдық пікір туғызуда бұқа­ралық ақпарат құралдарының рөлі ерекшелігіне тоқала келіп, «Издательство БМ» ЖШС директоры Б.Есержепов пен судья Ш.Нүсіпова Елбасының «100 нақты қадам» ұлт жоспары бағдарламасын жүзеге асыру тапсырмасындағы сот жүйесінің ашықтығын қамтамасыз ету міндеттері мен 2015 жылы Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты осы мақсаттар мен тұжырымдарды орындау жолында қандай іс-шараларды жүзеге асыратыны тұрғысында сөз өрбітті.
Дөңгелек үстел барысында бұқа­ралық ақпарат құралдарының өкілдері де өз ұсыныс-пікірлерін орта салды.
Сондай-ақ, өзара пікір алысу ба­рысында жұмыс жүргізудің жаңа бағыттары белгіленіп, екі жаққа да пайдалы қарым-қатынаста баспа­сөз­бен өзара ықпалдастық байланыстарды нығайту жолдары да нақтыланды.

Таңатар ТӨЛЕУҒАЛИЕВ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button