ЖаңалықтарҚала тіршілігі

ӨЗЕКТЕ ҚОҚЫС ҚАЛМАЙДЫ

IMG_1487

Елордада 8 қыркүйек пен 8 қазан аралығында қала аумағын санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру жөніндегі күзгі экологиялық айлық аясында 20 қыркүйекте жалпы қалалық сенбілік өтеді.

Осыған байланысты  Есіл өзені, Ақбұлақ пен Сарыбұлақ өзекшелері қоқыстан және басқа да тұрмыстық қалдықтардан тазартылады. Саябақтар мен шағын бақтардағы жасыл желектерді күтудің маусымдық жұмыстары жүргізіледі.

Қала әкімдігінің баспасөз мәліметі бойынша, сенбілікке 4300 кәсіпорын мен ұйым, 47 жоғары және арнаулы орта оқу орыны, 86 орта мектеп, 131 мемлекеттік мекеме мен ұлттық компаниядан  95 мыңға жуық адам қатысуы  жоспарланған.

Экологиялық айлық аясында қала аумағынан бірнеше мың тонна қоқыс шығарылмақ. Аудандық әкімдіктер тазалық шарасына қатысушыларды қажетті құрал-жабдықтармен, атап айтқанда,  күрек, тырнауыш, қолғап,  қоқыс салатын қаптармен қамтамасыз етеді.

Жиналған қоқысты шығаруға 460 техника, соның ішінде 280 жүк көлігі, 180 жүк тиегіш жұмылдырылады.

Еңбек мерекесінде  бірнеше аумақта екі  мыңнан астам ағаш отырғызылады. Атап айтқанда, Алматы ауданында – 2 153 ағаш , Сарыарқа ауданында – 150 ағаш егіліп, 1000 қ.м. жасыл қоршау тұрғызу  көзделген.

 Сағи ОРАЛ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button