Жаңалықтар

ӨЗЕКТІ ӘҢГІМЕ ӨРБІТТІ

Астана қаласы Тілдерді дамы­ту басқармасының бастамасы­мен «Ор­­тақ ел – ортақ тіл» тақы­ры­бын­да дөңгелек үстел мәжілісі өтті. Өзекті әңгіме өрбітуге Парла­мент­ депутаттары, саясаткерлер, мә­де­­ниеттанушылар, этно-мәдени бір­­лес­­тіктердің өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелді жүргізуші Тіл­дер­­ді дамыту басқармасының басшы­­сы Ербол Тілешов мемле­кет­тік тілдің мәртебесін көтеру жөнінде Елбасы Нұрсұлтан На­зар­­баевтың Қазақстан халқы Ас­­сам­­блеясының ХХ сессиясында сөй­­леген сөзіне тоқ­­талып, шараға шақырылған қонақ­­тарды айтулы­ та­­қырып бойынша әңгімеге ша­­қыр­­ды. Өз кезегінде Сенат депутаты Ғарифолла Есім Қазақстан қоға­­мындағы қазақ тілінің маңыз­­ды­­лығы туралы, еліміздегі бірлік пен берекеге дәнекер болатын бірден-бір атқарушы функция мемлекеттік тіл, яғни, қазақ тілі екенін тілге тиек етті. Мәжіліс депутаты Оразкүл Асанғазы да мемлекеттік тілдің бүгінгі ахуалына тоқталып, «алдағы уақытта осындай жиындарды алдымен қазақша амандасудан бастауымыз керек» деген ұсыныс-пікірін де жеткізді. Дөңгелек үстелге қатысушы этно-мәдени орталықтар өкілдері де өз ойларын ортаға салып, Парламент депутаттарының айтқандарына қолдау білдірді.

Шара соңында Астана қаласы Ішкі саясат басқармасы басшысы­ның орынбасары А.Сейдуманов елор­­даның қоғамдық-саяси өмі­­рін­­­­­­де белсенді жұмыс атқарып жүр­­­­ген бірқатар этно-мәдени бір­­лес­­тіктердің өкілдеріне Елба­­сы­­ның­­ атынан берілген алғыс хаттарды табыс етті.

Еркежан СӘТІМБЕК

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button