Жаңалықтар

ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ ӨРБІДІ

«Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалында Демократиялық күштер жалпыұлттық коалициясының Жер реформасына байланысты отырысы өтті.

Шараға аталмыш ұйыммен бірге ҚКХП, «Ақ жол», «Ауыл», «Бірлік» партиялары, Қазақстан халқы Ассамблеясы, Азаматтық альянс, Кәсіподақтық орталық, Кәсіпкерлер палатасы, Қазақстан Республикасы ардагерлерінің ұйымы, Республикалық әйелдер одағы, Ауғанстан ардагерлері мен мү­гедектерінің ұйымы өкілдері, жергілікті мәслихат депутаттары қатысты. Кездесуге шаруа қожалықтарының басшылары да шақырылды.
Жиын барысында аумақтағы жер мәселесіне қатысты қо­йыл­ған сұрақтарға Астана қа­­ласы Жер қатынастары жә­не жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау бас­қар­масының Жер кадастры бө­лімі басшысы Шыңғыс Бек­те­мір, Астана қаласы Қо­ғам­дық ке­ңесінің төрағасы Сан­сызбай Есілов жауап берді. Талқылауға барлық қатысу­шылар белсене қатысып, жер заңнамасы ту­ралы ойларын ашық айтуға мүм­кіндік алды. Қабылданған Жер реформасы агроөнеркәсіп сек­торының жедел дамуында негізгі құрал боларын талқылап, нәтижесінде отандастарымызға арналған үндеу қабылдады. Бұл құжатта қазақстандықтарды осы та­қы­рыптағы сындарлы диалог­тарға қосылуға шақырды.

Ботагөз МАРАТҚЫЗЫ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button