Әлеумет

ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛДАНДЫ

Астана қаласы мәслихатының кезектен тыс төртінші сессиясы өтті. Күн тәртібінде елорданы өркендетуге байланысты көптеген мәселелер қаралды. Атап айтқанда, 2011-2015 жылдарға арналған Астананы  дамыту бағдарламасын іске асыру нәтижелері, қаланың 2015 жылғы  бюджетінің  атқарылуы туралы баяндама жасалды. 

ERM_8540

2011-2015 жылдарға арналған Астана қаласын дамыту бағдарламасын іске асыру нәтижелеріне талдау жасаған қала әкімінің орынбасары Андрей Лукин экономиканың дамуы, әлеуметтік сала, инфрақұрылымдық кешендер, экология және мемлекеттік басқару сияқты стратегиялық маңызды бағыт бойынша қол жеткен жетістіктерге шолу жасады. Есепті мерзімде Астана қаласының өңірлік жалпы өнімінің көлемі 1,6 есе артып, есепті жылдың басындағы 1,8 трлн теңгеден 4,5 трлн теңгеге жеткен. Осы жылдары қала экономикасына 3,2 трлн теңге инвестиция құйылған, бұл – 1997 жылдан бері тартылған капитал салымының тең жартысы. 2015 жылы жылдық инвестицияның көлемі 1,5 есе өскен, яғни, 397 млрд теңгеден 773 млрд теңгеге дейін жеткен. Ал жеке шаруашылық субъектілерінің үлесі 2010 жылы 26 пайыздан 55 пайызға өскен. Сонымен қатар, мемлекеттік бюджеттің шығындары 59 пайыздан 30 пайызға дейін қысқарған.
Өткен жылдың бюджеттік саясатында да өзгерістер бар. 2015 жылы жергілікті бюджетке меншікті кірістердің түсімдері бойынша жоспар 104,7 пайыз орындалып, қаланың қаражат қоржынына жоспардан тыс 8 572,5 млн теңге түсті. Оның ішінде салық түсімдері 103,8 пайызға артығымен орындалды, яғни, жоспарланғаны – 164 482,6 млн теңге болса, нақты түскені – 170 739,7 млн теңге. Салықтық емес түсімдер бойынша жоспар 101 пайызға, немесе 69,8 млн теңгеге артығымен орындалды. Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер есебінен 122,1 пайыз, яғни, 2 244,9 млн теңге артығымен орындалған.
Мәжіліс депутаттарының талқысына салынған келесі мәселе – елорданың әкімшілік шекарасын өзгерту жайы болды. Бұл жөнінде Астана қаласы Жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы Төлеуғазы Нұркенов баяндама жасады. Ол Ұлттық пантеонның құрылысы мен қалалық зираттың құрылысы үшін қала шекарасын кеңейту мәселесін көтерді. Одан бөлек, жаңа терминал салу және Астана халықаралық әуежайының ұшу-қону жолағын қайта жобалау және тұрғындардың демалыс орнына айналатын Майбалық көлі аумағын қаланың әкімшілік аумағына алу мәселесі де сөз болды.

Айгүл УАЙСОВА

Тағыда

Айгүл Уайсова

Ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button