Басты ақпаратБілім

Өзекті мәселелер талқыланды

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов мектеп директорларымен кездесіп, өзекті мәселелерді талқылады.

[smartslider3 slider=98]

«Оқушылардың дәстүрлі оқу форматына қайта көшкеніне екі ай өтті. Бұл оқушыларды да, педагогтарды да қуантады. Барлық мұғалімдер мен техникалық персонал екпе алған, дегенмен қатаң санитарлық нормаларды сақтауды жалғастыру қажет: маска тағып, мектепке Ashyq қосымшасы арқылы кіру керек» деп мәлімдеді басқосуда қала басшысы.
Алтай Көлгінов қауіпсіздік мәселесіне ерекше көңіл бөлінетінін жеткізді. «Қауіпсіздікпен қамтамасыз етуге де назар аударамыз. Білім беру нысандарының бәрі камералармен жабдықталған. Мысалы, өткен жылдың өзінде қосымша камералармен жабдықтауға 600 млн теңге бөлінді. Сондай-ақ күзет қызметкерлерінің дайындығы мен біліктілігіне ерекше назар аудару, терроризмге қарсы оқу-жаттығуларды тұрақты негізде өткізу қажет. Білім басқармасына мектеп директорларымен бірлесіп, білім беру нысандарын дабыл сигнализациясы батырмаларымен, турникеттермен жарақтандыруды, сондай-ақ, мектеп психологтарының жұмысын күшейтуді тапсырамын. Оқушылармен жеке түзету жұмыстарын тұрақты негізде жүзеге асыру керек.
Бұдан басқа, білім беру нысандарының қолжетімділігі және жүргізілген инфрақұрылым мәселесі де маңызды. Жыл сайын жаңа мектептер санын да арттырамыз. Биыл 15 мектеп салынбақ. Бұл шамамен 40 мың оқушы орнын құруға мүмкіндік береді. Салыстырар болсақ, бұл 2020 жылға қарағанда екі есе, ал 2019 жылдан төрт есе көп. Келесі жылға дайындық жұмыстарын бастап кеттік. Сонымен қатар инфрақұрылым бойынша кесте жасалды. Бұл – кіретін жолдар, жаяу жүргіншілер жолдары, абаттандыру» деп түсіндірді әкім.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button