Елорда тынысы

Өзгеріс өзімізден басталады

Конституциялық реформаларды халыққа түсіндіру мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Зұлфухар Ғайыпов елордалық мәдениет қызметкерлерімен кездесу өткізді. Нұр-Сұлтан қаласының бірлескен мұражайлар дирекциясының конференция залында «Жаңа Қазақстандағы қоғамдық-саяси белсенділік және перспективалық мүмкіндіктер» деген тақырыппен өткен дөңгелек үстелде алдағы саяси науқанның мән-маңызы баяндалып, ортаға түскен өзекті сұрақтарға жауап қайтарылды.

[smartslider3 slider=3067]

Биліктің үш тармағын өзара үйлестірудің көкейкестілігіне тоқталып, тарихи сабақтастық пен әлемдік тәжірибелердің маңызын баса көрсеткен З.Ғайыпов «Қазіргі болып жатқан көптеген саяси өзгерістердің барлығын Президенттің сайлауалды бағдарламасының логикалық жалғасы деп қарастыруға болады. Қаңтар оқиғасы саяси өзгерістердің қадамын жиілетті. Өткен отыз жылда қол жеткен жетістіктерді теріске шығаруға болмайды, алайда пандемия кезеңі біздің күрделі жағдайға дайын еместігімізді көрсетсе, қаңтар оқиғасы елдегі күштік құрылымдардың дәрменсіздігін паш етті. Ел тірлігін түзеу үшін ел тірегі – Конституция өзгертулер енгізудің қажеттілігі туындап отыр. Өмірімізді өзгерткіміз келсе, алдағы референдумға бейжай қарамаумыз керек, әр азамат өз таңдауын жасауы қажет, ол үшін сананы өзгертіп, саяси мәдениетіміздің деңгейін көтеруге тиіспіз, себебі өзгеріс өзімізден басталады» деді.

«Әр ұлттың, әр халықтың тағдыршешті кезеңдері болады. Сондай кезеңнің бірі таяу күндерде халқымыздың алдынан өтейін деп тұр. Әр азамат «Жаңа Қазақстанды» құруға байланысты алтын діңгегіміз – Ата Заңымызға енетін өзгерістердің мәні мен мағынасын терең түсініп, Президент бастамаларына қолдау білдіруі керек деп ойлаймын. Өйткені Қазақстанның ертеңгі жарқын болашағы үшін, халықтың әлеуметтік жағдайы мен әл-ауқатының көтерілуі үшін, Ата Заңға өркениетті елдердің тәжірибесі негізінде оң өзгерістер енгізілмек. Біздің ұжым сол күнді құлшыныспен күтіп отыр, 5 маусым күні өз таңдауымызды жасауға дайынбыз» деді Нұр-Сұлтан қаласының бірлескен мұражайлар дирекциясы директорының орынбасары Самат Тергембаев. 

 Ерлан МАЗАН

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button